Меню

Страницы

Статья

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

📚 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ

📅 2026 жылғы 13 қазанда Ақсуат ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Тана мырза орта мектебі» КММ базасында «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.

🎯 Семинардың мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, авторлық бағдарламаларды әзірлеу талаптары бойынша әдістемелік қолдау көрсету, озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

🔹 Семинардың ашылуында аудандық білім бөлімінің әдіскері Рахимбаева Құралай Қожақанқызы қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

📖 Семинар барысында «Балдырған» бөбекжайы КМҚК әдіскері Ахметова Ардақ Серікбаевна «Авторлық бағдарлама жазуға қойылатын негізгі талаптар» тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, авторлық бағдарламаны әзірлеудің негізгі бағыттарына тоқталды.

💡 Сонымен қатар аудан педагогтері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың өзекті бағыттары бойынша іс-тәжірибелерін ұсынды.

🔸 «Асыл» бөбекжайы КМҚК тәрбиешілері Уалханова Балым Көшкінбайқызы мен Абильмажина Сайрамгүл Төлеуханқызы «Мал сүйектері мен асықтар арқылы балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру» тақырыбында ұлттық мұраны пайдалану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарымен бөлісті.

🔸 «Балдырған» бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі Рухова Маржан Рыхбекқызы «Мектеп жасына дейінгі балаларға рөлдік ойындарды ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында тәжірибесін таныстырды.

🔸 «Еркетай» бөбекжайы КМҚК тәрбиешісі Наурызбаева Жұлдыз Бақытбекқызы «Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшаға бейімделуін ойын арқылы жетілдіру» тақырыбында тәжірибесін ұсынды.

🔸 «М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығының әдіскері Байбусинова Гүлдана Дүйсенбайқызы «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында ой бөліссе, осы орталықтың педагог-ассистенті Тлеубаева Әлия Мұратжанқызы «Есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі балаларға түзету-педагогикалық көмек және дамыту сабақтары» тақырыбында тәжірибесін таныстырды.

🔸 «Ы. Кабеков атындағы орта мектебі» КММ жанындағы «Балдәурен» шағын орталығының тәрбиешісі Қабылашова Гүлназ Амандгелдіқызы «Мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамыту», ал жекеменшік «Балбөбек» ясли-бақшасының педагогі Ақылдосова Айдана Оразахынқызы «Кішкентай зерттеуші» тақырыптары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.

📊 Семинар аясында тәрбиеленушілердің даму көрсеткіштерін бақылау, бағалау және мониторинг жүргізу әдістемесіне де ерекше назар аударылды. Байбусинова Гүлдана Дүйсенбайқызы, Абыхарова Мейрамгүл Мұратқызы және Жәкилина Майгүл Қайранқызы әдіскерлер мен тәрбиешілерге мониторинг нәтижелерін есептеу және қорытындылау жолдарын түсіндіріп, практикалық бағытта әдістемелік көмек көрсетті.

🏅 Семинар қорытындысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ. Рахимбаева өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар жұмысына белсенді қатысқан педагогтерге білім бөлімінің сертификаттарын табыс етті.

🌟 Семинар педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, авторлық бағдарламаларды әзірлеу бойынша білімдерін жетілдіруіне және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды әдістемелік алаң болды.

Дата публикации
16 октября 2026
Дата обновления
16 октября 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ
Ақпарат
16 октября 2026
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Ақпарат
16 октября 2026
БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСКЕН АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы