АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ
Білім беру сапасын арттыру және оқушылардың сапалы білім алуына қолдау көрсету мақсатында демеушілердің көмегімен аудан мектептеріне қажетті оқулықтар жеткізілді.
Бұл игі бастама өскелең ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыруға және мектептердегі оқу үдерісін қолдауға бағытталған маңызды қадам.
Білім саласына бей-жай қарамай, қолдау көрсеткен демеушілер – Асқар Жақулин атындағы жеке қоғамдық қорына және Oxford University Press Kazakhstan компаниясына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Осындай игі істер жалғасын тауып, жас ұрпақтың жарқын болашағына өз үлесін қоса берсін!
Білімге салынған инвестиция – болашаққа салынған инвестиция!
Ақсуат Ауданы Әкімдігі Абай облысының білім басқармасы Oxford Brookes University @АсқарЖакулинатындағы қоғамдық қоры