5 қазан – Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, Ақордада ардагер ұстаздар мен білім беру саласында елеулі еңбек етіп жүрген педагогтерді қабылдады. Ұстаздар еңбегіне жоғары баға беріліп, бірқатар педагогке мемлекеттік марапаттар табысталды.
Ұстаздық еңбек жолын 1989 жылы «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ-де бастаған, білім беру саласында 36 жыл бойы абыройлы қызмет атқарған әріптесіміз, педагог-шебер, математика пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз Оспанова Айгүл Төлегенқызы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды.
Бұл – Айгүл Төлегенқызының кәсіби еңбегіне берілген жоғары баға ғана емес, шәкірт тәрбиесі мен жас ұрпақтың сапалы білім алуына ғұмырын арнап келе жатқан барша ұстаздар қауымына көрсетілген зор құрмет.
Ұстаз – ұлт болашағын қалыптастыратын ұлы тұлға. Оның еңбегі – елдің ертеңіне қаланған берік негіз.
Айгүл Төлегенқызын жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұлағатты ұстазға зор денсаулық, отбасына амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби биіктерге жетуді және шәкірттерінің толағай жетістіктеріне куә болуды тілейміз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!