3 қазан күні «С. Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ-де соғыс және еңбек ардагері Нұрбатыр Семжанов атындағы мектеп мұражайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Тағылымды шараға ардагердің ұрпақтары мен туған-туыстары, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Мұражай жеті бөлімнен тұрады. Әр бөлімде соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, батыр аналар, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, еңбек және білім беру салаларының үздіктері, мектеп тарихы мен Семжановтар әулетінің өнегелі өмір жолы туралы құнды тарихи деректер мен жәдігерлер жинақталған.
Шара барысында қонақтар мұражай экспозицияларымен танысып, тарихи мұраларға тағзым етіп, өткенге құрмет көрсетті.
Мұражай – ел тарихын танытатын, ерлік пен еңбекті ұлықтайтын, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін рухани орда.
Ер есімі – ел есінде, ерлік – ұрпаққа өнеге!