Меню

Страницы

Статья

«Абай и Пушкин о любви и жизни: поэзия, объединяющая народы» тақырыбында аудандық мәнерлеп оқу байқауы

19 желтоқсан күні С. Сейфуллин атындағы орта мектепте 7–8 сынып оқушылары арасында «Абай и Пушкин о любви и жизни: поэзия, объединяющая народы» тақырыбында аудандық мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың көркем мәтінді мәнерлеп оқу шеберлігін арттыру, тіл мәдениетін дамыту және әдебиетке деген қызығушылығын ояту болды.

Байқау қорытындысы бойынша нәтижелер төмендегідей:

І орын

  • Даулетхан Інжу – «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ, 8 сынып (Я1)

  • Құрманғазы Айару – «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ, 8 сынып (Я2)

  • Тілеуғажы Еркенұр – «Өкпеті орта мектебі» КММ, 7 сынып (Я2)

ІІ орын

  • Тоқтау Асылым Қанатқызы – «Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ, 8 сынып (Я2)

  • Еркін Айару Ержанқызы – «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ, 8 сынып (Я2)

  • Бауыржанов Батырхан Әділетұлы – «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ, 8 сынып (Я2)

  • Макыбай Айару – «Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» КММ, 7 сынып (Я2)

  • Алмабек Мөлдір Ерланқызы – «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ, 7 сынып (Я2)

ІІІ орын

  • Ғылымбек Әлихан Хасенұлы – «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ, 8 сынып (Я2)

  • Ахметбек Арайлым – «С. Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ, 8 сынып (Я2)

  • Мейрамбекқызы Ақмарал – «Ы. Кабеков атындағы орта мектебі», 8 сынып (Я1)

  • Шалқарқызы Сезім – «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ, 7 сынып (Я2)

  • Қалиатқар Бақытнұр – «Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ, 7 сынып (Я2)

  • Кадірбек Айзере – «М. Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ, 7 сынып (Я2)

Байқау жоғары деңгейде өтті. Аудан мектептерінен келген 28 оқушы өз өнерлерін ортаға салып, шығармаларды нақышына келтіре оқу шеберлігін көрсетті. Қатысушылардың дайындық деңгейі, дауыс ырғағы, сахна мәдениеті және мәтінді түсініп жеткізу қабілеті қазылар алқасының ерекше назарында болды.

Іс-шара оқушыларға шығармашылық тәжірибе алмасуға, өзара достық қарым-қатынас орнатуға және әдебиет әлеміне терең бойлауға үлкен мүмкіндік берді. Осындай мазмұнды әрі тағылымды сайыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.

І орын иегерлері – Даулетхан Інжу, Құрманғазы Айару, Тілеуғажы Еркенұр, Жарылқасын Нұрали Бегебайұлы облыстық кезеңге жолдама алды.

Дата публикации
25 декабря 2025
Дата обновления
25 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ
Ақпарат
16 октября 2026
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Ақпарат
16 октября 2026
БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСКЕН АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы