Меню

Страницы

Статья

Әдістемелік кеңес отырысы өтті

Ақсуат ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 19 желтоқсан күні «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ-де кезекті әдістемелік кеңес отырысы өтті.

Кеңес жұмысына аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш мектеп меңгерушілері, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері қатысты.

Кеңесті Ақсуат ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Курмангалиева Нұргүл Ақанқызы жүргізді.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

  1. С. Сейфуллин және Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептерінде №130 бұйрық негізінде мектепішілік бақылаудың жүргізілуі туралы
    (Н. Курмангалиева – әдістемелік кабинет меңгерушісі)

  2. Аудан мектептеріндегі білім сапасына 2025–2026 оқу жылы бойынша жүргізілген талдау
    (Е. Жағыпаров – бөлім әдіскері)

  3. Аудандағы білім беру ұйымдарында электрондық журнал BilimClass жүйесін пайдалану туралы
    (Е. Жанатов – бөлім әдіскері)

  4. «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ-де мектепішілік бақылауды ұйымдастыру туралы
    (Г. Малгаждарова – мектеп директоры)

  5. «Педагогтерді аттестаттау қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстары туралы»
    (М. Қажыақберова – бөлім әдіскері)

Кеңес барысында қатысушылар педагогтерді аттестаттау және өзге де өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, іс-тәжірибе алмасты.

Дата публикации
25 декабря 2025
Дата обновления
25 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ
Ақпарат
16 октября 2026
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Ақпарат
16 октября 2026
БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСКЕН АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы