Ауыл мектептеріне арналған республикалық пәндік олимпиадада Абай облысының гуманитарлық бағыты бойынша қатысқан оқушылар үлкен жетістікке қол жеткізді. Нәтижесінде облыс қоржынына 1 алтын, 4 күміс және 9 қола медаль түсті. Оның ішінде Ақсуат ауданынан 2 оқушы жүлделі орын иеленді.
Атап айтқанда, «Сасан би атындағы орта мектебі» КММ-нің
11-сынып оқушысы Оралбекқызы Асылжан Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орын иеленді.
Жетекші ұстазы – Қайырбекова Арайлым Сайлаубекқызы.
Сондай-ақ, осы мектептің
10-сынып оқушысы Тұрарбек Алиназ Айдынқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орынға қол жеткізді.
Жетекшілік еткен мұғалімі – Еркінбекова Айнаш Еркінбекқызы.
Жүлдегер оқушылар мен олардың ұстаздарын осы зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы білім бәйгелерінде де толайым табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!