
Аудандық семинар: «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиетінде: жаңа көзқарас»

К. Нұрбаев атындағы орта мектебінде аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үшін «Жасанды интеллект – қазақ тілі мен әдебиетінде: жаңа көзқарас» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың ашылу салтанатында мектеп директоры Тұрғанбаева Жанерке Набетайқызы және Ақсуат аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Құрманғалиева Нүргүл Ақанқызы құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға сәттілік тіледі.
Семинар барысында;
К.Нұрбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ,педагог-модератор А.Манашева
7-сыныпта әдебиет пәнінен "Ш.Қанайұлы "Зар заман" өлеңі"
С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Ж.Қонысбекова 8-сыныпта қазақ тілі пәнінен "Ғаламның пайда болуы"
"Көктүбек мектеп-бөбекжай-балабақша кешені"КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ,педагог-сарапшы А.Кункенова 6-сыныпта қазақ тілінен "Астана қаласы- мәдениет орталығы"
М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ,педагог-сарапшы Ә.Раисова 5-сыныпта "Ы.Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл" әңгімесі" тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Пән мұғалімдері
жасанды интеллект құралдарын сабақтарында тиімді пайдалану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра алды.
К.Нұрбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі педагог-модератор Д.Құрманғалиева "Жасанды интеллект және қазақ әдебиеті:жаңа мүмкіндіктер кеңестігі" тақырыбында коучинг ұйымдастырды. ЖИ платформаларын тиімді пайдалану жолдарын ұсынып, талқылау, пікір алмасумен ұласқан коучинг мұғалімдердің сұранысына сай болды.
Ы.Кабеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші Д.Сейсенбинова "Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдауда үйірме жұмысының рөлі" тақырыбында шебер сынып өткізді. Үйірме жұмысы нәтижесінде оқушылар аудандық, облыстық жетістіктерге жетіп, шығармашылыққа жаңа жол ашылғаны жөнінде
тәжірибе алмасты.
Семинар соңында аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Шиянбина Айнұр Маратбекқызы қорытынды сөз сөйлеп, жұмыс көрсеткен ұстаздарды аудандық білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапаттады.