Меню

Страницы

Статья

Бірінші сыныпқа қабылдау

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден қабылдау жүзеге асырылады.

1-сыныпқа қабылдау тәртібі

1-сыныпқа биыл 6 жасқа толған немесе осы жылы 6 жасқа толатын балалар ата-анасының (заңды өкілдің) жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет болып табылады.

Құжаттар Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.
Ата-аналар алдын ала өз баласын баратын мектепке тіркеп, портал арқылы өтініш бере алады.

Қажетті құжаттар тізімі

(Құжаттар көлемі 5 МБ-тан аспауы керек.)

  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

  • 052-2/у нысандағы денсаулық паспорты;

  • 3х4 көлеміндегі екі фотосурет;

  • қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін).

Өтінішті:

  • үй жағдайында,

  • ХҚКО-ларда,

  • мектептердегі өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында
    беруге болады.


Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау тәртібі

Биылғы қабылдаудың басты ерекшелігі — 2024 жылғы 23 ақпанда қабылданған заңға сәйкес, гимназиялар мен лицейлердің 1-сыныптарына қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салынды.

Барлық балалар дайындық деңгейіне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл жаңашылдық тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1-сынып оқушыларына түсетін психологиялық қысымды азайтуға бағытталған.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

  • ұсынылған құжаттар мен ақпараттың сенімсіз болуы;

  • құжаттардың ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы № 546 бұйрығында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

  • сынып жинақталымының шамадан тыс толуы.


Қосымша ақпарат

Қосымша мәліметтер Білім басқармасының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің ресми сайттарында, сондай-ақ Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда жарияланып отырады. Жауапты мамандардың парақшаларында да ақпараттар тұрақты түрде жаңартылып беріледі.

Дата публикации
20 марта 2024
Дата обновления
30 марта 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ
Ақпарат
16 октября 2026
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Ақпарат
16 октября 2026
БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСКЕН АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы