Меню

Страницы

Статья

Инклюзивті білім беруді дамыту

Ақсуат ауданы бойынша  «Инклюзивті білім беруді дамыту» жобасын жүзеге асыру туралы

 

        Ақсуат ауданы бойынша 2023-2024 оқу жылында  мүмкіндіктері шектеулі  балалар саны : 214  ( 5 %) оның ішінде мүгедектігі бар балалар саны : 64 0-6 жас арасындағы балалар саны:69 , мектеп жасындағы балалар  саны: 145құрайды. Мектеп жасындағы  инклюзивті білім алушылар саны:34 (11мектеп) инклюзивті  біліммен қамтылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік саясаттың барлық  стратегиялық бағыттарын негізге ала отырып, инклюзивті білім беруді жетілдіру жөніндегі қажетті  іс-шаралар орындалады. Негізгі стратегиялық міндеттердің  бірі – ерекше білім алушыларды табысты әлеуметтендіру және бейімдеу үшін тең жағдайлар жасау болып табылады.  Кедергісіз орта құру мақсатында мүмкіндігі шектеулі  балалардың қолжетімділігі үшін тең қол жеткізу үшін К.Нұрбаев атындағы орта мектебінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға кедергісіз қозғалу үшін барлық жағдайлар жасалған.(пандустар, жүріп -тұру жолдары, санитарлық-техникалық үй жайлар, ақпарат телекоммуникациялар). Ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін «Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқытуда, тәрбиелеуде, дамытуда және әлеуметтік бейімдеуде психологиялық-педагогикалық қолдау ерекшеліктері» тақырыбында семинар, «Инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық негіздері» тақырыбында дөңгелек стол  ұйымдастырылды.

 

 

Дата публикации
20 марта 2024
Дата обновления
08 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ
Ақпарат
16 октября 2026
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Ақпарат
16 октября 2026
БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСКЕН АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы