Меню

Страницы

Статья

Мектепке жол

Мектепке жол акциясы бойынша ақпарат

     Қазақстан  Республикасы  Білім және  ғылым  министірінің 2022  жылғы  №56 бұйрығына сәйкес  мектептің «Қамқоршылық» кеңесінің  жұмысын  ұйымдастыру  және  оны  сайлау тәртібінің қағидаларын  орындау  мақсатында  Кеңес мүшелерінің  жұмыстары атқарылуда.

     Қамқоршылық кеңестің мақсаты: білім беру ұйымына қолдау көрсету, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу. Қамқоршылық кеңесінің бағыттары: білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларға көмек көрсету. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыс жағдайларымен және жұмыспен қамтылуын жақсарту. Білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

     Аудан  бойынша  19 білім беру мекемелерінде 145 – қамқоршылық кеңес мүшелері бар. Жыл басында ауданның  жаңа оқу жылына дайындығын қадағалау, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың ата-аналарының  өтініштері негізінде тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен қамтылуының барысы  күн тәртібі  отырысында мектеп директорының оқу, тәрбие жөніндегі орынбасарларының атқарылған жұмыстары  таныстырылып, жұмыстардың мақсатты орындалғандығына баға беріледі.

    Ауданның  жалпы білім беру мекемелерінде  қамқоршылықта  17 - балалар  тәрбиеленуде. Жалпы саны: 17 бала, оның  ішінде  жетім-7,  қорғаншылықта-9 бала, патронаттық  тәрбиеде-1 бала  тәрбиеленуде.

     Мектепке  жол акциясы  бойынша  ақпарат.

Ақсуат ауданы бойынша  1-11 сыныптарда 4549 оқушы оқиды.   Оның  ішінде:

  • аз қамтылған  отбасылар, жетім балалар, ата-анасының   қамқорлығынсыз қалған балалар, АӘК  алатын  отбасылардан шыққан  балалар-1504
  • көп балалы отбасылардан  -1156
  • жетім және ата-аналарының  қамқорлығынсыз қалған балалар -17
  • қолайсыз  отбасылар - 6,  оларда 17 бала тәрбиеленуде.

       Білім  алушыларға (тәрбиеленушілерге) 2022 жылы  қаржылық  және материалдық  көмек көрсетуге арналған   бюджеттен  «Жалпыға  бірдей оқыту»  қоры  шеңберінде тегін ыстық тамақпен 1504  балаға 86 млн. 151 мың теңге. Мектеп формасы мен аяқ киімге 2119 балаға 83 млн. 998 мың теңге бөлінді.

     2022  жылдың  31  қыркүйегіне  дейін  әлеуметтік себептер бойынша  балалардың мектепке келмеуінің  алдын алу үшін  аз қамтылған,  көп балалы отбасылардан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  оқушыларына  қажетті  көмек  көрсету үшін «Мектепке жол»  республикалық   қайырымдылық  акциясы өткізілді. Акцияға   барлық  ниет білдірушілер  қатысты; еріктілер бизнесмендер, меценаттар,  үкіметтік емес ұйымдар  және  басқалар. Аудан бойынша   3 млн. 497  мың теңгеге 238  сомасына  аса мұқтаж отбасылардан шыққан  оқушылар материалдық көмек алды.  Сонымен қатар  Қазақстанның ірі қайырымдылық қоры  «Самұрық Қазына»  ЖШС  әл- ауқат қорынан   1 сыныпқа   баратын 128  балаға мектеп сөмкесі берілді.

Дата публикации
06 июля 2023
Дата обновления
06 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
АУДАН МЕКТЕПТЕРІНЕ ОҚУЛЫҚТАР ТАРАТЫЛДЫ
Ақпарат
16 октября 2026
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА АУДАНДЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ ӨТТІ
Ақпарат
16 октября 2026
БІЛІМ МЕН БІЛІК СЫНҒА ТҮСКЕН АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДА!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы