Қызметті онлайн қалай алуға болады
Қызметті алу үшін:
• порталға авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасына өту қажет;
• барлық міндетті өрістерді толтырып, қажетті файлдарды тіркеу керек;
• өтінішті ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) қол қою қажет.
Міндетті құжаттар:
• ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші;
• № 065-у нысанындағы медициналық анықтама;
• № 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
• 3×4 см өлшеміндегі 2 дана фотосурет.
Қызметті мемлекеттік орган арқылы қалай алуға болады
Қызметті алу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
• өтініш;
• жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін ұсынылады және қызмет алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
• медициналық анықтамалар:
– № 065/у нысаны «Профилактикалық екпелер картасы»;
– № 052-2/у нысаны «Баланың денсаулық паспорты» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген);
• 3×4 см өлшеміндегі баланың цифрлық фотосуреті.
Өтініштер жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма аралығында) қабылданады.
Мектепалды даярлықтан сол білім беру ұйымында өткен және оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.