«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ «Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары» лауазымына конкурс өткізеді

Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімі
«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ
«Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары» лауазымына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ


1. Мекен-жайы:

Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы, Байбарақ көшесі, ғимарат 23/1
Пошта индексі: 180606
Ұялы телефон: 87023583961
Электрондық пошта: aksuat_togas_batir@mail.ru


2. Лауазымдық міндеттері:

  • Оқу-тәрбие процесін және білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастыру;

  • Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдау;

  • Мемлекеттік стандарт, оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындалуын үйлестіру, педагогикалық құжаттаманы қамтамасыз ету;

  • Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексеру;

  • Білім беру процесінің сапасын және оқушылардың білімді игеру нәтижелерін бақылау;

  • Ағымдағы және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру;

  • Оқу процесіне жаңа әдіс-тәсілдер мен тиімді технологияларды енгізу;

  • Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, барлық сыныптар үшін оқу бағдарламасы мен сабақ кестесін түзету;

  • Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, БЖБ және ТЖБ қорытындысын талдау;

  • Тақырыптық бақылауды ұйымдастыру;

  • Оқушылардың оқу жүктемесін бақылау, сабақтар мен курстар кестесін жасау;

  • Оқушылар мен педагогтердің олимпиадалар, конкурстар мен жарыстарға қатысуын ұйымдастыру;

  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша қызметті үйлестіру;

  • Пәндік-әдістемелік бірлестіктер мен эксперименттік жұмысты үйлестіру, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу;

  • Педагогтердің тиімді тәжірибесін жинақтау және тарату;

  • Тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен, көрнекі құралдармен, оқу-әдістемелік кешендермен, электрондық және цифрлық ресурстармен қамтамасыз ету;

  • Жыл сайын кітапхана қорын толықтыруға өтінім беру;

  • Оқу процесінде қолданылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Белгіленген есептік құжаттаманы уақтылы және сапалы жүргізу;

  • Оқу процесін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, семинарлар, тренингтер өткізу;

  • Педагогикалық кеңестердің күн тәртібін дайындау;

  • Білім алушылар, педагогтер және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын қалыптастыру.


3. Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек кодексі, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдары және білім беруді дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге нормативтік құқықтық актілер;

  • Педагогика және психология негіздері;

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктері;

  • Педагогикалық этика нормалары;

  • Менеджмент және қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

  • Еңбек қауіпсіздігі, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық талаптар мен нормалар.


4. Жалақы және жұмыс уақыты:

  • Лауазым – бір штаттық;

  • Еңбекақы – жұмыс өтілі мен біліктілік санатына байланысты.


5. Біліктілік талаптары:

  • Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжат;

  • Педагогикалық жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл;

  • Біліктілік санаты: «Басшының орынбасары» (1, 2 немесе 3 санат) немесе «Педагог-сарапшы», «Педагог-зерттеуші», «Педагог-шебер».

Біліктілік деңгейлері:

  1. Педагог-сарапшы: оқу-тәрбие процесін талдау, кәсіби даму бағыттарын айқындау, олимпиада және конкурстарға қатысу, бейнесабақтар дайындау;

  2. Педагог-зерттеуші: сабақ зерттеу, бағалау құралдарын әзірлеу, зерттеу дағдыларын дамыту, аймақтық және республикалық тәжірибе, «Қазақстан мұғалімі» сыйлығы қатысуы;

  3. Педагог-шебер: авторлық бағдарламалар, әдістемелік кешендер, олимпиада жеңімпаздарын даярлау, бейнесабақтар, кәсіби қоғамдастықты дамыту, тәлімгерлік.


6. Құжаттарды қабылдау:

  • Конкурсқа құжаттар хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады;

  • Құжаттар тізімі:

    1. Конкурсқа қатысуға өтініш;

    2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе электрондық нұсқасы;

    3. Жеке іс парағы (бар болса);

    4. Білім туралы құжаттардың көшірмесі;

    5. Еңбек өтілі туралы құжат (бар болса);

    6. Денсаулық анықтамасы (075/у форма);

    7. Психикалық және мінез-құлық бұзылысы жоқтығы туралы анықтама;

    8. Наркологиялық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    9. Қолданыстағы біліктілік санаты туралы куәлік немесе сертификат (бар болса);

    10. Ағылшын тілі пәні үшін сертификат (CELTA, DELTA, IELTS, TOEFL) немесе біліктілік санаты;

    11. Бағалау парағы;

    12. Ұсыным хаттар (жұмыс орны немесе оқу орнынан);

    13. Қосымша ақпарат (біліктілік, ғылыми атақтар, дәрежелер, жарияланымдар, санаттар);

    14. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда тәжірибесі бар педагогтер сертификаттаудан босатылады;

    15. Құжаттардың біреуінің болмауы – конкурсқа қатысу құқығын жоққа шығарады.

Құжаттарды қабылдау орны:
Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы, Байбарақ көшесі, 23/1, КММ «Тоғас батыр атындағы орта мектебі».

Дата публикации
26 декабря 2025