Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің
«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ
«Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» бос лауазымына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы, Байбарақ көшесі, ғимарат 23/1
Пошталық индекс: 180606
Ұялы телефон: 87023583961
Электрондық пошта: aksuat_togas_batir@mail.ru
Тәрбие процесін ұйымдастыруды және оны ағымдағы, перспективалық жоспарлауды қамтамасыз ету;
Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлау мен бақылау;
Тәрбие жұмысы және мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастыру;
Тәрбие процесінің мазмұны мен сапасына жүйелі бақылау жүргізу;
Педагогтарды іріктеу, кәсіби даму мен біліктілікті арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;
Білім беру ұйымының әкімшілігі, әлеуметтік-психологиялық қызметтер, құқық қорғау органдары, ата-аналар қоғамдастығы және қамқоршылық кеңесімен өзара іс-қимылды үйлестіру;
Білім беру процесінің барлық қатысушылары арасында толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз ету;
Психологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсету;
Мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын дамыту және толық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылау;
Тәрбие іс-шараларын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып өткізу;
Киберкультураны дамыту және кибергигиена дағдыларын қалыптастыру;
Білім алушылар мен педагогтардың конкурстарға, конференциялар мен слеттерге қатысуын ұйымдастыру;
Кәсіби бағыт беру жұмыстарын жүргізу;
Есептік құжаттаманы уақтылы және сапалы тапсыруды қамтамасыз ету;
Педагогикалық консилиумдар, мектеп парламенті, дебат қозғалысы, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымдары жұмысына жетекшілік жасау;
«Қоғамға қызмет ету», «Отанға тағзым», «Үлкендерге құрмет», «Анаға құрмет» сияқты қоғамдық-пайдалы жұмыстарды ұйымдастыру;
Адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасау;
Мектеп түлектерінің қауымдастығын құру және оның жұмысын үйлестіру;
Педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасау;
Мектеп мұражайы, туристік жорықтар мен экскурсияларды ұйымдастыру;
Оқушыларда патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас және тамақтану мәдениетін қалыптастыру;
Білім алушылар, педагогтар және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдық қағидаларын енгізу.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық және педагогикалық қолдау туралы» заңдар;
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары және нормативтік құқықтық актілер;
Педагогика, психология, пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары мен дидактикалық мүмкіндіктері;
Педагогикалық этика нормалары, медиация техникасы, қақтығыстарды шешу;
Оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтау талаптары;
Құқық негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Лауазым – бір штаттық;
Еңбекақы жұмыс өтілі мен санатына байланысты.
Тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіби білім, педагогикалық қайта даярлық құжаты;
Педагогикалық жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл;
Біліктілік санаты: «үшінші», «екінші», «бірінші біліктілік санатты басшы орынбасары» немесе «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» санатының болуы.
Кәсіби деңгей бойынша талаптар:
Педагог-сарапшы: оқу-тәрбие процесін талдау, кәсіби даму басымдықтарын айқындау, олимпиада, конкурс және бейне сабақ дайындау тәжірибесі.
Педагог-зерттеуші: сабақтарды зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу, зерттеу дағдыларын дамыту, республикалық және халықаралық деңгейде тәжірибе тарату.
Педагог-шебер: авторлық бағдарламалар мен әдістемелік кешендер әзірлеу, олимпиада жеңімпаздарын дайындау, кәсіби қоғамдастықты дамыту, тәлімгерлік жүргізу, бейне сабақтар дайындау.
Конкурсқа құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Қажетті құжаттар:
Өтінім (құжаттар тізімімен);
Жеке басын куәландыратын құжат немесе электрондық нұсқасы;
Жеке іс парағы (бар болса);
Білім туралы құжаттар көшірмесі;
Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
Денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 075/у);
Психикалық және мінез-құлық бұзылуы жоқтығы туралы анықтама;
Наркологиялық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
Сертификат немесе біліктілік санатының куәлігі (бар болса);
Ағылшын тілі педагогтері үшін сертификат (CELTA, DELTA, IELTS немесе TOEFL);
Бағалау парағы;
Ұсыным хат;
Қосымша ақпарат (білім, жұмыс тәжірибесі, ғылыми атақтар, жарияланымдар, біліктілік санаттары).
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардағы тәжірибелі педагогтер сертификаттаудан босатылады.
Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа қайтарылуына негіз болады.
Құжаттарды қабылдау орны: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы, Байбарақ көшесі, ғимарат 23/1, «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ.