«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ «Жаратылыстану» пәнінің мұғалімі лауазымына конкурс өткізеді

Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің
«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ

«Жаратылыстану» пәнінің мұғалімі лауазымына конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ


1. Орналасқан жері:

Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы, Байбарақ көшесі, ғимарат 23/1
Пошталық индекс: 180606
Ұялы телефон: 87023583961
Электрондық пошта: aksuat_togas_batir@mail.ru


2. Лауазымдық міндеттері:

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу;

  • Оқушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және әлеуетін дамытуға ықпал ету, жеке қабілеттерін анықтау және дамытуға жәрдемдесу;

  • Педагогқа құрметпен қарауға үйрету, сыпайы қарым-қатынас және іскерлік стиль мен сөйлеу этикетін сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жеке қажеттіліктерді ескере отырып, жаңа әдістер мен тиімді тәсілдерді қолдану;

  • Қысқа және орта мерзімді жоспарлар әзірлеу, бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын жасау;

  • Жиынтық бағалаулар қорытындысын талдау;

  • Журналдарды (қағаз немесе электрондық) жүргізу;

  • Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • Білім алушылардың деңгейін мемлекеттік стандарттан төмен болмауын қамтамасыз ету;

  • Арнайы қажеттілігі бар оқушылар үшін бағдарламаларды әзірлеу және бейімдеу;

  • Оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделеу;

  • Инклюзивті білім беру жағдайларын жасау;

  • Қашықтықтан оқытуда интерактивті материалдар мен цифрлық ресурстарды пайдалану;

  • Әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңестер және желілік қоғамдастықтарға қатысу;

  • Педагогикалық консилиумдар мен ата-аналарға кеңес беру;

  • Кәсіби құзыреттілікті арттыру;

  • Еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау;

  • Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;

  • Ата-аналармен немесе олардың өкілдерімен ынтымақтастық жасау;

  • Құжаттарды уәкілетті орган бекіткен тізім бойынша толтыру;

  • Оқушылар мен тәрбиеленушілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдық қағидаларын қалыптастыру.


3. Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік-медициналық және педагогикалық қолдау туралы» заңдары;

  • Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, білім дамуының бағыттары мен нормативтік құқықтық актілер;

  • Оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

  • Педагогика және психология;

  • Пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктері;

  • Педагогикалық этика, медиативтік техника және қақтығысты шешу дағдылары;

  • Оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтау талаптары;

  • Құқық негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі, санитариялық нормалар.


4. Жүктеме және жалақы:

  • «Жаратылыстану» пәнінің мұғалімі – 8 сағаттық жүктеме;

  • Лауазымдық жалақы жұмыс өтілі мен санатына байланысты.


5. Біліктілік талаптары:

  • Тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық, техникалық немесе кәсіптік білім;

  • Орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлық құжаты;

  • Педагогикалық жұмыс өтілі:

    • Педагог-модератор – кемінде 2 жыл;

    • Педагог-сарапшы – кемінде 3 жыл;

    • Педагог-зерттеуші – кемінде 4 жыл;

    • Педагог-шебер – кемінде 5 жыл.


6. Профессионалдық құзыреттіліктер:

  1. Педагог: пәнді білу, оқу-тәрбие процесін жоспарлау, оқушылардың мәдениетін дамыту, жеке тәсіл қолдану, сандық ресурстарды пайдалану.

  2. Педагог-модератор: инновациялық әдістерді қолдану, олимпиадалар мен конкурстарға қатысу.

  3. Педагог-сарапшы: оқу-тәрбие процесін талдау, кәсіби даму басымдықтарын анықтау, бейне сабақтар дайындау (бар болса).

  4. Педагог-зерттеуші: сабақтарды зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу, зерттеу дағдыларын дамыту, тәжірибе тарату.

  5. Педагог-шебер: авторлық бағдарламалар, әдістемелік кешендер, олимпиада жеңімпаздарын даярлау, тәжірибе тарату, тәлімгерлік.


7. Құжаттарды қабылдау:

  • Конкурсқа қатысуға өтінімдер хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қабылданады;

  • Құжаттар:

    1. Өтінім (қоса берілетін құжаттар тізімімен);

    2. Жеке басын куәландыратын құжат;

    3. Жеке іс парағы (бар болса);

    4. Білім туралы құжаттардың көшірмесі;

    5. Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

    6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (форма 075/у);

    7. Психикалық және мінез-құлық бұзылуы жоқтығы туралы анықтама;

    8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    9. Сертификат немесе біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса);

    10. Ағылшын пәні үшін – сертификаттар (CELTA, DELTA, IELTS немесе TOEFL);

    11. Бағалау парағы;

    12. Ұсыным хат.

  • Тиісті тәжірибесі бар педагогтер сертификаттаудан босатылады;

  • Құжаттардың біреуінің жоқтығы кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау орны: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы, Байбарақ көшесі, ғимарат 23/1, «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ.

Дата публикации
26 декабря 2025