«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ «Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» бос лауазымына конкурс өткізу туралы

 

Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің
«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ
«Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» бос лауазымына конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Орналасқан жері: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы, Байбарақ көшесі, ғимарат 23/1, индекс 180606
Байланыс телефоны: 8 702 358 39 61
Электрондық пошта: aksuat_togas_batir@mail.ru

Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары» бос лауазымына конкурс жариялайды.


1. Лауазымдық міндеттері

  • Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

  • Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асырады.

  • Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн тобы тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлау және бақылау жұмыстарын ұйымдастырады.

  • Тәрбие жұмысы мен мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманың әзірленуін қамтамасыз етеді.

  • Тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылау жүргізеді.

  • Педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму мен біліктілікті арттыру жұмыстарын ұйымдастырады.

  • Әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық қызметтермен, ата-аналар комитетімен, қамқоршылық кеңесі өкілдерімен, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіреді.

  • Білім беру процесінің барлық қатысушыларының толеранттық мәдениетін қалыптастырады.

  • Психологиялық қызметтің жұмысын, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді үйлестіреді.

  • Мектеп пен ата-ана арасындағы жаңа өзара әрекеттесу формаларын енгізеді.

  • Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің жағдайына бақылау жүргізеді.

  • Тәрбие іс-шараларында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.

  • Кибермәдениет пен кибергигиена дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

  • Білім алушылар мен педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.

  • Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.

  • Есептік құжаттаманың сапалы және уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.

  • Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады.

  • Мектеп парламенті, дебат клубы, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары, «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар ұйымдарының жұмысын үйлестіреді.

  • «Қоғамға қызмет ету», «Отанға тағзым», «Үлкендерге құрмет», «Анаға құрмет» бағытындағы қоғамдық-пайдалы жұмыстарды ұйымдастырады.

  • «Өзін-өзі тану» пәні педагогымен адамгершілік-рухани тәрбие бағытында өзара жұмыс жасайды.

  • Түлектер қауымдастығының қызметін ұйымдастырады.

  • Педагогикалық еңбек ардагерлерімен байланыста жұмыс істейді.

  • Мектеп мұражайының жұмысын ұйымдастырады.

  • Туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады.

  • Білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастырады.

  • Оқушылар, педагогтер және қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.


2. Білуге тиіс:

  • ҚР Конституциясы, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Кемтар балаларды қолдау туралы» заңдар;

  • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

  • Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістемесі;

  • Педагогика және психология негіздері;

  • Пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы технологиялары;

  • Педагогикалық этика нормалары;

  • Қақтығыстарды шешу және медиация негіздері;

  • Еңбек заңнамасы, өрт қауіпсіздігі, еңбек қорғау талаптары;

  • Санитариялық нормалар мен ережелер.

Лауазым: 1 штаттық бірлік
Еңбекақы: жұмыс өтілі мен санатына байланысты.


3. Біліктілікке қойылатын талаптар

  • Тиісті бейін бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық (немесе кәсіби) білім;

  • Педагогикалық жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл;

  • Немесе:

    • үшінші/екінші/бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары;

    • немесе педагог-сарапшы / педагог-зерттеуші / педагог-шебер санатының болуы.

1) Педагог-сарапшы талаптары:

  • «Педагог-модератор» талаптарына сай болу;

  • Оқу-тәрбие процесін талдау дағдылары;

  • Кәсіби даму басымдықтарын айқындау;

  • Аудан/облыс деңгейіндегі олимпиада, конкурс, жарыстардың қатысушысы/жүлдегері болу;

  • Видеосабақтар дайындау (болған жағдайда).

2) Педагог-зерттеуші талаптары:

  • «Педагог-сарапшы» талаптарына сай болу;

  • Зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу;

  • Білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту;

  • Облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жетістіктер;

  • «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының қатысушысы/жүлдегері (болса);

  • Тәлімгерлік жүргізу;

  • Оқулықтар мен ОӘК сараптамасына қатысу;

  • Бейнесабақтар дайындау (болса).

3) Педагог-шебер талаптары:

  • «Педагог-зерттеуші» талаптарына сай болу;

  • РОӘК мақұлдаған авторлық бағдарлама болуы;

  • Республикалық немесе халықаралық конкурстардың жеңімпазы/жүлдегері болу;

  • WorldSkills сарапшысы немесе коуч болуы;

  • Тәжірибені тарату, семинар өткізуге қатысу.


4. Құжаттарды қабылдау тәртібі

Конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде құжаттар қабылданады.


5. Қажетті құжаттар тізімі

Кандидат төмендегі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде тапсырады:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілетін құжаттардың тізімімен).

  2. Жеке басын куәландыратын құжат (немесе электрондық нұсқа).

  3. Жеке іс парағы (мекенжайы, телефоны көрсетілген).

  4. Білімі туралы құжаттар көшірмелері.

  5. Еңбек қызметін растайтын құжат (болса).

  6. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.

  7. Психикалық аурулардың бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама.

  8. Наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы анықтама.

  9. Біліктілік санаты туралы куәлік (болса).

  10. Ағылшын тілі мұғалімдеріне – IELTS/TOEFL немесе CELTA/DELTA сертификаттары (болса).

  11. Бағалау парағы (12,13-қосымша).

  12. Жұмыс орнынан немесе оқу орнынан ұсыным хат.

  13. Қосымша құжаттар (біліктілік, жетістіктер, жарияланымдар).


Құжаттарды қабылдау орны:

Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ойшілік ауылы, Байбарақ көшесі, ғимарат 23/1
«Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ

Дата публикации
18 ноября 2025