«Педагогті жұмысқа қабылдау» жүйесі бойынша нұсқаулық
Құрметті әріптестер!
Білім беру ұйымдарындағы педагогтердің бос және уақытша бос лауазымдары бұдан былай «Педагогті жұмысқа қабылдау» жүйесі арқылы жарияланады.
🔗 Жүйенің мекенжайы: https://hr.nobd.edu.kz
Осы чатқа жүйеде жұмыс істеуге арналған толық нұсқаулықтар жіберіледі. Нұсқаулықтарда:
жүйеге тіркелу және кіру тәртібі;
іс жүргізушінің бос жұмыс орнын жүйеге енгізуі;
вакансияны жариялау және өтінімдерді қабылдау;
педагогтің бос лауазымды іздеуі және конкурсқа өтінім беруі;
қажетті құжаттарды жүйеге жүктеу;
комиссия мүшелерінің үміткерлердің құжаттарын қабылдауы және қарауы;
конкурсты өткізу және оның нәтижесін рәсімдеу;
жүйеде жұмыс істеудің өзге де кезеңдері толық көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарының іс жүргізушілерінен және комиссия мүшелерінен нұсқаулықтармен мұқият танысып, жүйеде жұмыс істеу тәртібін алдын ала меңгерулерін сұраймыз.
Сонымен қатар, келесі аптада аталған жүйе бойынша арнайы семинар өткізіледі. Семинар барысында бос жұмыс орнын жариялау, педагогтердің өтінімдерін қабылдау, комиссия жұмысын ұйымдастыру және жүйені пайдалану тәртібі кезең-кезеңімен түсіндіріліп, туындаған сұрақтарға жауап беріледі.