Құрметті орта білім беру ұйымдарының қызметкерлері!
1-сыныпқа құжаттарды қабылдау жөніндегі осы нұсқаулық мектеп директорлары мен қызметкерлеріне арналған. Мұнда платформаны пайдалануға байланысты барлық сұрақтарға жауап берілген.
Ең алдымен, мектеп директоры платформадағы жеке кабинетін дайындап алуы қажет. Ол үшін осы нұсқаулықтың I-бөліміне өтіңіз.
Әдістемелік мәселелер бойынша жергілікті білім бөліміне немесе білім басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз:
• білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау ережелері мен тәртібі;
• нормативтік талаптарды түсіндіру (заңдар, бұйрықтар, ережелер мен регламенттер);
• міндетті медициналық құжаттардың бар-жоғына қатысты сұрақтар;
• биыл қабылданатын балалар санын анықтау;
• және т.б.
Платформаның техникалық сұрақтары бойынша мектептер үшін арнайы қолдау қызметі қарастырылған:
+7 (700) 344-95-15 (WhatsApp)
+7 (775) 007-94-81 (қоңырау шалу)