
Абай облысы бойынша 2024–2025 оқу жылынан бастап барлық мектептері отандық BilimClass жүйесіне сәтті көшті. Бұл бізге білім сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға, ата-аналармен тиімді цифрлық байланыс орнатуға, қатысым мен бағалау жүйесін реттеуге, оқушылардың уәждемесін арттыратын бонус жүйесін енгізуге мүмкіндік берді.
Цифрлық сервистер басқару тиімділігін арттырды:
eGov.kz арқылы 1-сыныпқа қабылдау автоматтандырылды;
Балабақшаға жолдамалар алу;
«Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы ата-аналар балалардың тамақтануы туралы ақпарат алып отыратын болады;
Мектепке дейінгі ұйымдардың 100%-ы бірыңғай цифрлық кезекке біріктірілді.
Бүгінде аудан мектептері BilimLand, Daryn.online, BilimCenter.kz, Testcenter.kz платформаларын кеңінен қолдануда.
Қорыта айтқанда, білім беруді цифрландыру – сапаны арттыруға, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуге, ата-аналар мен қоғамның сенімін нығайтуға жол ашып отыр.
Қазақстан Республикасының 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасын, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, білім беруді цифрландыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында ауданда тиісті инфрақұрылым құрылды.
Мектептерде 762 бейнебақылау камерасы орнатылды. Жедел басқару орталығына (ЦОУ) 5 жалпы орта білім беру ұйымы енгізілді. Лицензияланған қорғау 2 жалпы орта білім беру мекемесінде бар. Турникет саны – 2.
Ауданның барлық 19 (100%) мектебі кең жолақты интернет желісіне қол жеткізе алады, жылдамдығы 12 Мбит/сек және одан жоғары. Ақсуат ауданы мектептерінің 100% Wi-Fi нүктелерімен қамтамасыз етілген.
Ауданның білім беру ұйымдарының компьютерлік паркінде 500-ден астам бірлік техника бар. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы заманауи компьютерлік техникамен жабдықтау мәселесі пысықталуда.
«BilimClass» жүйесіне ауданның барлық мектептері қосылған (100%). Қазіргі уақытта мектептер осы жүйені толтыруда. Ауданның педагогтары мен оқушылары «BilimLand» платформасының цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдаланады.
Ауданның мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 24 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 10 балабақша және 14 шағын орталық. Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін автоматтандыру (100%) енгізілді. Мектепке электронды түрде жазылу ауданның 19 (100%) мектебіне енгізілді.
Қожагелді батыр мектебінде STEM-оқыту енгізілді. Бағдарлама төрт бағытты қамтиды: бағдарламалау, инженерия, робот техникасы, 3D модельдеу. Өзекті және перспективті бағытты дамытуға білім беру ұйымдарының оқу жоспарының вариативтік бөлімінен сағаттар бөлінген.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы кезектілік проблемаларын шешу және кезектің қалыптасуы мен функциясы, сондай-ақ жолдама беру процесін автоматтандыру мақсатында барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кезектілікті автоматты бөлу және балабақшаларға жолдама беру жүйесі енгізілді.
Жүйелерді Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰБДҚ) интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді. Ақпараттық жүйелерден алынған деректер ҰБДҚ-ға беріледі. Осылайша, контингент, білім беру мекемелерінің қызметкерлері туралы деректерді толтыру және ұсыну бойынша сыбайлас жемқорлық қаупі жойылды.
Орта білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастады. Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие болады.