
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден қабылдау жүзеге асырылады.
1-сыныпқа қабылдау тәртібі
1-сыныпқа биыл 6 жасқа толған немесе осы жылы 6 жасқа толатын балалар ата-анасының (заңды өкілдің) жеке өтініші негізінде қабылданады. Бұл – мемлекеттік қызмет болып табылады.
Құжаттар Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады.
Ата-аналар алдын ала өз баласын баратын мектепке тіркеп, портал арқылы өтініш бере алады.Қажетті құжаттар тізімі
(Құжаттар көлемі 5 МБ-тан аспауы керек.)
баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
052-2/у нысандағы денсаулық паспорты;
3х4 көлеміндегі екі фотосурет;
қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы (ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін).
Өтінішті:
үй жағдайында,
ХҚКО-ларда,
мектептердегі өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында
беруге болады.
Гимназиялар мен лицейлерге қабылдау тәртібі
Биылғы қабылдаудың басты ерекшелігі — 2024 жылғы 23 ақпанда қабылданған заңға сәйкес, гимназиялар мен лицейлердің 1-сыныптарына қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салынды.
Барлық балалар дайындық деңгейіне қарамастан тең мүмкіндікке ие болады. Бұл жаңашылдық тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1-сынып оқушыларына түсетін психологиялық қысымды азайтуға бағытталған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері
ұсынылған құжаттар мен ақпараттың сенімсіз болуы;
құжаттардың ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы № 546 бұйрығында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
сынып жинақталымының шамадан тыс толуы.
Қосымша ақпарат
Қосымша мәліметтер Білім басқармасының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің ресми сайттарында, сондай-ақ Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда жарияланып отырады. Жауапты мамандардың парақшаларында да ақпараттар тұрақты түрде жаңартылып беріледі.