АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

"Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2020 жылдың 28 қыркүйетегі сағат 16-00-де,

Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52, мәжіліс залы, мекенжайы бойынша: ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалгерлікке беру бойынша конкурс өткізеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа және фермер қожалығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын жер телімдерінің тізбесі

ҚОСЫМША

 

Жер телімінің

№

Жер телімінің

қысқаша ерекшілігі (алқаптардың кұрамы және түрлері, бонитет баллы)

 

Алаңы,

Гa

Жалгерлікке беру

мерзімі

Жер телімінің

орналасқан жері

1

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 321,8 га, оның ішінде жатып қалған жерлер 190,0 га, жайылымдар 131,0 га,

жолдар 0,8 га

10 жыл

Евгеньевка ауылдық округі

2

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 1377,2 га, оның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылымдар 1150,0 га, табиғи жайылымдар 225 га, жолдар 2,2 га

10 жыл

Евгеньевка ауылдық округі

3

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 86,0 га, оның ішінде табиғи жайылымдар 86,0 га

10 жыл

Евгеньевка ауылдық округі

4

          Егістік. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 1180,0 га, оның ішінде егістіктер 1179,0 га, жолдар 1,0 га

10 жыл

Алғабас ауылдық округі

5

          Егістік. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

         Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

 

Жалпы алаңы 5437,4 га, оның ішінде егістік 5010,0 га, табиғи жайылымдар 180,0 га, түбегейлі жақсартылған жайылымдар 246,0 га, жолдар 1,4 га

10 жыл

Алғабас ауылдық округі

6

          Егістік. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

          Жайылым. Топырақтар қызғылт әлсіз оңай сазды босаң қарашірік шабындық-дала сортаңдар жинағында. Орташа бонитет балы 15.

Жалпы алаңы 3122,2 га, оның ішінде егістік 2820,0 га, табиғи жайылымдар 100,0 га, түбегейлі жақсартылған жайылымдар 200,0 га, жолдар 2,2 га

10 жыл

Алғабас ауылдық округі

 

 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

 

Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім 2020 жылдың 7 қыркүйектен 2020 жылдың 25 қыркүйекке дейін қабылданады, қосымша ақпарат және анықтамалар мына мекенжай бойынша қабылданады: Ақсу қаласы, Пушкин көшесi, 72/1, Каб. 104, 9.00 ден 13.00 және 14.30 ден сағ 18.30 сағатқа дейін.Телефон: 5-01-25.

Бас маман: Тұрғын Дәурен Русланұлы

Дата публикации
07 августа 2020