«Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2024 жылғы 2 тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша анықтамасы

«Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

2024 жылғы 2 тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету

сұрағы бойынша анықтамасы

           Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі бір мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде:

Спорттық разрядтар:

1) 2-разрядты спортшы,

2) 3-разрядты спортшы,

3) 1 жасөспірімдер разрядындағы спортшы,

4) 2 жасөспірімдер разрядындағы спортшы,

5) 3 жасөспірімдер разрядындағы спортшы.

Біліктілік санаты:

1) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,

2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы,

3) біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы,

4) біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы,

5) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер,

6) біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер,

7) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы,

8) спорт төрешісі.

         Спорттық разрядтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасы негізінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығымен бекітілген.

         Халықты бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпараттандыру мақсатында Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының бірыңғай сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-sport, бөлім бетінде "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі жұмыс істейді, онда келушілер өздерін қызықтыратын кез келген ақпаратты, тоқсан сайынғы есептерді, талдауларды, мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарты мен регламентін таба алады. Бет платформамен жұптастырылған egov.kz, ол арқылы қызметке онлайн тапсырыс бере аласыз. Сондай-ақ бөлімде ақпараттық стенд бар, онда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен және спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін қажетті құжаттар тізбесімен танысуға болады.

         2024 жылғы 19 сәуірде бөлімнің бас маманы Хасенова Р.С. «Жүзуден - спорттық разрядты беру рәсімі» тақырыбы бойынша aqsuakimdigi Instagram парақшасында тікелей эфир өткізді.

         2024 жылғы 22 сәуірде спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру тақырыбы бойынша aqsu_sport бөлімінің Instagram парақшасына бейнеролик жарияланды.

        2024 жылғы 25 сәуірде Ақсу қаласы әкімдігі мемлекеттік органдарының бірыңғай сайтында және бөлім бетінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

         2024 жылғы 17 мамырда бөлімнің бас маманы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрнекі ақпарат беру мақсатында ақпараттық брошюралар таратты.

         2024 жылғы 12 маусымда Ақсу қаласы әкімдігі мемлекеттік органдарының бірыңғай сайтында және бөлім бетінде жеңіл атлетикадан спорттық разрядты беру рәсімі бойынша түсіндіру іс-шарасын өткізді.

         Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер санын талдай отырып, 2024 жылдың 2 тоқсанында бөліммен 225 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтуге болады.

2023-2024 жылдар 2 тоқсаны бойынша салыстырмалы талдау

№

Спорттық разрядтарды және біліктілік санаттарды беру

2023 жыл

2024 жыл

 

Барлығы

170

225

1

2 спорттық разряд

28

24

2

3 спорттық разряд

31

29

3

1–жасөспірімдік спорттық разряд

45

68

4

2 –жасөспірімдік спорттық разряд

40

59

5

3 –жасөспірімдік спорттық разряд

19

38

6

Спорт төрешесі

4

4

7

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

2

1

8

біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

0

2

9

бас тарту

1

0

          2024 жылдың 2 тоқсанында спорттық разрядтар және білікітілік саннатар беру бас тартулар болған жоқ.

         Осы кезеңде мерзімдерді бұза отырып мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол берілмеді.

 

 «Ақсу қаласының дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ басшысының м.а.                             С. Нурко

 

 

Орынд. Хасенова Р., 42234

Дата публикации
10 июля 2024