«Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2024 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша анықтамасы

 

«Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

2024 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік қызмет көрсету

сұрағы бойынша анықтамасы

           Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру».

          Спорттық атақтар, разрядтар Спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін тиісті нормалар мен талаптар орындалған кезден бастап бір жыл ішінде беріледі.

          Біліктілік санаттарын беру қызметкердің біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін, әдістемелік жұмысқа қатысуын талдау негізінде, ол кемінде 5 жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарынан өткен жағдайда жүргізіледі.

           Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады:

          Мемлекеттік қызмет, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі. Немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

          Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі-10 күнтізбелік күн.

          Мемлекеттік қызмет жеке тұлғалар үшін қарастырылған және тегін көрсетіледі.

           Халықты бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпараттандыру мақсатында Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының бірыңғай сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-sport, бөлім бетінде "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі жұмыс істейді, онда келушілер өздерін қызықтыратын кез келген ақпаратты, тоқсан сайынғы есептерді, талдауларды, мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарты мен регламентін таба алады. Бет платформамен жұптастырылған egov.kz, ол арқылы қызметке онлайн тапсырыс бере аласыз. Сондай-ақ бөлімде ақпараттық стенд бар, онда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен және спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін қажетті құжаттар тізбесімен танысуға болады.

           8 және 11 қаңтарда Ақсу қаласы әкімдігі мемлекеттік органдарының бірыңғай сайтында және бөлім бетінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

1 ақпанда бөлімнің бас маманы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрнекі ақпарат беру мақсатында ақпараттық брошюралар таратты.

21 ақпанда Ақсу қаласы әкімдігі мемлекеттік органдарының бірыңғай сайтында және бөлім бетінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

14 наурызда aqsu_sport бөлімінің Instagram парақшасы арқылы 1 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер санын талдай отырып, 2024 жылдың 1 тоқсанында бөліммен 23 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтуге болады.

 2023-2024 жылдар 1 тоқсаны бойынша салыстырмалы талдау

№

Спорттық разрядтарды және біліктілік санаттарды беру

2023 жыл

2024 жыл

 

Барлығы

39

23

1

2 спорттық разряд

4

1

2

3 спорттық разряд

26

5

3

1–жасөспірімдік спорттық разряд

0

4

4

2 –жасөспірімдік спорттық разряд

0

6

5

3 –жасөспірімдік спорттық разряд

0

3

6

Спорт төрешесі

8

1

7

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы

1

2

8

1 - бас тарту

2

1

           1 жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданды:

          Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне, атап айтқанда, мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттардың толық емес жиынтығын ұсынуына байланысты, Амри Багустар Кайратовичке «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы» біліктілік санаты беруден бас тартылсын.

 Осы кезеңде мерзімдерді бұза отырып мемлекеттік қызметтер көрсетуге жол берілмеді.

 

 «Ақсу қаласының дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ басшысы                                        И. Косарева

 

 

Орынд. Хасенова Р., 42234

Дата публикации
25 апреля 2024