Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ақпарат

        Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі 1 (бір) мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру».

        Өтініштерді қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

        Спорттық атақтар, разрядтар Спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін тиісті нормалар мен талаптар орындалған кезден бастап бір жыл ішінде беріледі.

         Біліктілік санаттарын беру қызметкердің біліктілік деңгейін, кәсіби құзыреттілігін, әдістемелік жұмысқа қатысуын талдау негізінде, ол кемінде 5 жылда бір рет біліктілікті арттыру курстарынан өткен жағдайда жүргізіледі.

        Өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz .

        Құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 күнтізбелік күн.

        Мемлекеттік қызмет жеке тұлғалар үшін қарастырылған және тегін көрсетіледі.

        Мемлекеттік қызметтің нәтижесі біліктілік санатын және спорттық разрядтарды беру туралы бұйрықтардың көшірмелері не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

        Халықты ақпараттандыру мақсатында Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдарының бірыңғай сайтында Бөлімнің бетінде «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда: тоқсан сайынғы есептер, талдаулар, мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарты мен регламенті орналастырылған. Сондай-ақ бөлімде ақпараттық стенд бар, онда мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен және спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру үшін қажетті құжаттар тізбесімен танысуға болады.

         Бөлімнің бас маманы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрнекі ақпарат алу мақсатында ақпараттық брошюралар таратады.

        Ай сайын Instagram-парақшалары арқылы мемлекеттік қызмет бойынша түсіндіру іс-шаралары мен тікелей эфир өткізіледі: aqsu_sport және aqsuakimdigi.

        2023 жылы 445 Мемлекеттік қызмет қарауға түсті, оның ішінде:

1 жасөспірімдер разряды-76;

2 жасөспірімдер разряды – 123;

3 жасөспірімдер разряды-80;

2 спорттық разряд-61;

3 спорттық разряд-69;

біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-4;

           «Спорт төрешісі» біліктілік санаты бойынша-15 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл спорт төрешілері:

шахмат – 1

шаңғы жарысы-1

гір спорты-5

қазақ күресі-1

армрестлинг-4

құсбегілік-1

бочча – 2 паралимпиадалық спорт түрі

         Спорт түрлері бойынша спорттық разрядтар:

жүзу-67;

жеңіл атлетика-8;

тоғызқұмалақ-25;

маутинбайк-9;

садақ ату-1;

волейбол – 17;

қазақ күресі-47;

дзюдо-38;

шайбалы хоккей-40;

еркін күрес-64;

шаңғы жарысы-4;

үстел теннисі-15;

оқ ату-7;

футбол-65;

         2023 жылы бөлім Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарын бұзуға жол бермеді. Осы тақырып бойынша барлық сұрақтарды 4-22-34 телефоны бойынша қоюға болады. Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Хасенова Роза Советовна.

 

Дата публикации
11 января 2024