2022 жылдың 1 тоқсаны үшін «Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша анықтама

2022 жылдың 1 тоқсаны үшін

«Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша анықтама

Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі 1 (бір) мемлекеттік қызметті көрсету шеңберінде мына разрядтар мен санаттарды береді:

5 спорттық разряд: 

1) 2 разрядты спортшы,

2) 3 разрядты спортшы,

3) 1 жасөспірімдік разрядты спортшы,

4) 2 жасөспірімдік разрядты спортшы,

5) 3 жасөспірімдік разрядты спортшы.

 8 біліктілік санаттары:

1) жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,

2) біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы,

 3) тренер среднего уровня квалификации второй категории,

 4) біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,

 5) біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,    

 6) біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,    

 7) біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы,

  8) спорт төрешiсi.

Для присвоения каждого спортивного разряда и квалификационной Спорттық разрядтар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 104 бұйрығымен бекітілген спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларына, сондай-ақ олардың сипаттамасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен бекітілген спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес беріледі.

Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күн.   

Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібімен және қажетті құжаттар тізбесімен визуалды танысып шығу үшін бөлімде ақпараттық стенд бар.

Одан басқа, Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік органдар үшін бірыңғай сайтта https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-sport (ЕПИР ГО), Бөлім парақшасында, «Мемлекеттік қызметтер» тарауы бар, онда мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты ақпарат жарияланған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету саласында қызмет туралы бөлімнің тоқсан сайыңғы есебі жаңартылып отырылады. Парақша egov.kz платформасымен түйіндестірілген, ол арқылы қызметті онлайн алуға болады.

Тоқсанына бір рет, «Ақжол» және «Новый путь» жергілікті газеттерінде көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы ақпарат жарияланады, оны көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі және бас тарту үшін негіздер ескертіледі.

Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізумен байланысты спорттық разрядтарды және біліктілік санаттарын беру бойынша комиссия таратылды. Мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша функция бөлімнің бас маманына бекітілген

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін келіп түскен өтініштерді талдай отырып, 2022 жылдың 1 тоқсанында бөлім 57 мемлекеттік қызмет көрсеткенін атап өтуге болады уг.

Бөлімнің otdel.sporta_aksu инстаграм-парақшасы арқылы 1 түсіндіру шарасы өткізілді. Шараның қамтылуы – 1455 адам.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде, 2021 жылдың 1 тоқсанында, бөлімге мемлекеттік қызметтер түскен жоқ.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына және талаптарына сәйкес келмеуінің себебімен, мемлекеттік қызметті көрсетуде 1 өтініш берушіге бас тартылды.

Бөлім мемлекеттік қызметтер стандарттарының талаптарын бұзған жоқ.

Дата публикации
01 апреля 2022