2021 жыл үшін Ақсу қаласы және қаланың ауылдық аймағы бойынша дене шынықтыру және спорт бойынша статистикалық есепке ТАЛДАУ

2021 жыл үшін Ақсу қаласы және қаланың ауылдық аймағы бойынша дене шынықтыру және спорт бойынша статистикалық есепке

ТАЛДАУ

 

2021 жылдың 17 қарашасына жағдай бойынша Ақсу қаласы мен қаланың ауылдық аймағында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 25 000 адам шұғылданады (+2 870 2020 жылмен салыстырғанда), бұл қаланың барлық халқынан 35,9 %-ды құрайды (2020 жылдың 01 қарашасына қала халқы – 69 631 адам).

Ақсу қаласында салауатты өмір салтының жақтаушыларының жылсайыңғы ұлғаюы тиісті спорттық инфрақұрылымның, білікті спорттық кадрлардың болуымен туындаған.

Ақсу қаласы мен ауылдық жерлерінде спорттық құрылыстардың саны - 382. Олардың ішінде: 1 стадион; 1 спорт сарайы; 1 шаңғы базасы; 294  жазықтықтағы құрылыстар; 6 спорттық кешендер (оның ішінде 3-уі ауылда: Қызылжар а., Евгеньевка а., Қалқаман а.), 2 жүзу бассейні; 43 спорттық зал; 8 хоккей корты; 2 теннис корты; 8 ату тирі, 15 кіріктірілген спорттық зал.

Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қалқаман ауылында спорттық залдың ғимаратына күрделі жөндеу жасалуда, сомасы - 68 717,9 мың теңге. Мердігер - «ЛИРА ЛТД» ЖШС. Жөндеу ұзақтығы – 3 ай. Аяқтау мерзімі – 2021 жылдың желтоқсаны.

Одан басқа, ауылдық елді мекендерде жасанды жабынды ауыстырумен 6 шағын футбол алаңдарына жөндеу және қалада 12 шағын футбол алаңдарына жөндеу жасалды. Барлығы жалпы сомасы – 42 млн. теңге.

2 ауылдық елді мекендерде (Қызылжар а., Үштерек а.) далалық жаттығу құралдары және стрит-воркаут алаңдары орнатылды. Нысаналы индикатор «1000 адамға спорттық инфрақұрылыммен халықтың қамтамасыз етілуі» 2021 жылдың 1 қарашасына жағдай бойынша 66,9%-ды құрайды. Құрылыстардың жалпы біруақыттық өткізу қабілеті 6 554 адамды құрайды.

Қалада және ауыл аймағында штаттық жұмыскерлердің саны - 344 (+9). Олар: жалпы білім беру мектептерінің 111 мұғалімі, кәсіби техникалық мектептердің, колледждердің дене тәрбиесі бойынша 10 оқытушысы; спорт бойынша 32 жаттықтырушы-оқытушы: олардың ішінде – Ақсу қаласының № 2 БЖСМ-де - 20, Ақсу қ. БЖСМ-де - 12; қалалық спорт бөлімі аппаратының 2 жұмыскері; спорт бойынша 6 әдіскер: олардың ішінде 2-уі БЖСМ-де, 3-уі - № 2 БЖСМ-де, 1-уі - білім беру бөлімінде; спорт бойынша 49 нұсқаушы: олардың ішінде 2-уі - № 2 БЖСМ-де, 3-уі - білім беру бөлімінде, 1-уі гимназияда, 4-уі – АФЗ-да, 1-уі - «ЕЭК» АҚ-да, 15-уі – ауылдық округтерде; және 127-сі – басқа дене шынықтыру жұмыскерлері. 7-уі – спорттық клубтардың аппаратының жұмыскерлері. Жалпы санынан 104 - әйелдер. Жоғары дене шынықтыру білімі 178 адамда бар, 64 адамның орта-арнайы білімі бар.

Ақсу қаласы мен ауылдық аймақта 2 БЖСМ жұмыс істейді, балалар мен жасөспірімдердің қамтылуы - 3 015 (2020 жылмен салыстырғанда +85), бұл 27,0 %-ды құрайды, оның ішінде БЖСМ - 1250, № 2 БЖСМ - 1765.

Қысқы спорт түрлері шайбалы хоккеймен, шаңғы жарыстарымен және Президенттік көпсайыспен ұсынылған. Барлығы қысқы түрлер бойынша 40 секция бар, оның ішінде ауылда – 11, шұғылданатындардың саны – 983.

Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға жергілікті бюджеттен 2021 жылдың басында 7млн. 695 мың теңге бөлінді. Covid-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалға және жарыстардың тоқтатылуына байланысты 4 млн. теңге көлемінде ақша қаражатының үнемделуі 2021 жылдың тамыныда қалалық бюджетті нақтылаумен секвестицияланған.

Қала деңгейінде спорттық жарыстарды өткізуге жергілікті бюджеттен 2021 жылдың басында 9 млн. 480 мың теңге бөлінде, оның ішінде спорттық керек жарақтар алынды. Covid-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалға және жарыстардың тоқтатылуына байланысты 500 мың теңге көлемінде ақша қаражатының үнемделуі 2021 жылдың тамыныда қалалық бюджетті нақтылаумен секвестицияланған.

Облыстық спорттық жарыстарға спорттың әр түрлі түрлерінен қаланың құрама командаларының мүшелерін дайындауға және қатысуға жергілікті бюджеттен 2021 жылдың басында 7 млн. теңге бөлінді. Covid-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалға және жарыстардың тоқтатылуына байланысты 500 мың теңге көлемінде ақша қаражатының үнемделуі 2021 жылдың тамыныда қалалық бюджетті нақтылаумен секвестицияланған.

Спорттың жаңа түрлерін дамытумен қатар, мүгедек спортын дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қалада мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін 12 спорт түрлері бар (+2 бочча, бейімделген футбол), олар: дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, жүзу, пауэрлифтинг, оқпен ату, жеңіл атлетика, отырып волейбол ойнау, үстел теннисі, шаңғы жарыстары, бочча, бейімделген футбол. Жаңа секциялар «Тең мүмкіндіктер әлемі» Қоғамдық қорының қатысуымен «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасының шеңберінде ұйымдастырылған.

Жаз маусымында мүгедектігі бар ересек тұлғалар үшін спорттың жеңілатлетикалық түрлерінен дайындық ұйымдастырылды (жеңіл атлетика, жеңілатлетикалық қарғу, жалпы дене дайындығы).

Барлығы Ақсу мен ауылдық жерлерінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде көру, есту және ТҚА ағзалары зақымдалған мүгедек спортшылардың саны 200 (+18) қамтиды.

№ 2 БЖСМ негізінде, қала бюджеті қаражаты есебінен денсаулығының мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисі бойынша секциялар 6 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді.

Күнтізбеге сәйкес, бюджеттік бағдарламалар бойынша жыл басынан 255 спорттық-бұқаралық шаралар жоспарланды. Covid-19 пандемиясына байланысты жарыстардың бір бөлігі өткізілмеді, оның ішінде «005», «006», «007» бюджеттік бағдарламалары бойынша. 2021 жылдың басынан бастап Ақсу қаласы мен ауылдық жерлерде 116 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді, оның ішінде 38 – онлайн форматында. Қатысқандардың жалпы саны – 10 440 адам, олардың ішінде ауылдық жерлерде –  3 500 адам.

Ақсу қаласының спортшыларының жетістіктері: Әлем Чемпионатында 1 алтын, 2 қола медаль; Республикалық турнирлерде 11 алтын, 29 күміс, 36 қола медаль; облыстық жарыстарда 55 алтын, 87 күміс, 94 қола медаль. 

 

 

 

Дата публикации
05 марта 2022