«Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2021 жылдың 4 тоқсаны үшін есеп
«Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
2021 жылдың 4 тоқсаны үшін 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінде:
Мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің нормалары мен талаптарына сәйкес келмеуінің себебі бойынша спорттық разрядты беруден 6 құжатқа бас тарту шешімі қабылданды.
Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күн.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Мемлекеттік корпорацияға:
1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
спорт түрлер бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
3) «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер» біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
4) «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы» біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
білімі туралы дипломның көшірмесі;

спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
5) «спорт төрешісі» біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама.
порталға:
1) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрлер бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;
3) «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер» біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы кәсіптік білімі туралы дипломның көшірмесі;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
4) «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы» біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы білімі туралы дипломның көшірмесі;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген жергілікті спорт федерациясының мөрімен куәландырылған, аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы болмаған жағдайда нұсқаушы-спортшы құрамына кіретін ұйымның мөрімен куәландырылған санат беру туралы қолдаухат;
5) «спорт төрешісі» біліктілік санатын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
құжаттың электрондық көшірмесі нысанындағы қызмет берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі немесе төрешілік туралы анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
Осы кезең ішінде мемлекеттік қызметтер мерзімін кешіктірумен көрсетілмеді.
Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі