2021 жылдың 4 тоқсаны үшін мемлекеттік органның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізу туралы АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ «Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 214 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығының негізінде (бұдан әрі – Бөлім), 2021 жылдың 4 тоқсаны үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2021 жылдың 27 желтоқсанынан 28 желтоқсанына дейінгі мерзімде жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жасалды:
1) бөлім қызметіне тиесілі нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау келесі сұрақтарды енгізді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілдіктерді және нормаларды анықтау;
2) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
3) мемлекеттік қызмет көрсету;
4) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Ішкі талдауды жүргізу барысында келесі ақпарат көздері пайдаланылды:
1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланымдар;
3) бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Бірінші сұрақ бойынша: «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілдіктерді және нормаларды анықтау».
Спорттық разрядтарды және біліктілік санаттарын беру бойынша нормативтік құқықтық актілерде құқықтық коллизиялар және ақалаулар 2021 жылдың 4 тоқсаны ішінде анықталмады
Екінші сұрақ бойынша: «Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы».
Бөлімнің штаттық саны 6 адамды құрайды. Олардың ішінде: 3 – мемлекеттік қызметшілер, 3 – Бөлімге техникалық қызмет көрсететін және жұмысын қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлер. 2021 жылдың 08 желтоқсанына бастап – бөлімнің әкімшілік мемлекеттік қызметішсі Оканова А.М. – баланың үш жасқа толуына дейінгі баланы күту бойынша жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін декреттік демалыстан шықты, бұйрықтың № 32, 08.12.2021 жылғы.
Үшінші сұрақ бойынша: «Мемлекеттік қызметтер көрсету».
Бөлім бір мемлекеттік қызмет көрсетеді: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру».
Бөлімнің ақпараттық стендінде спорттық разрядтарды және біліктілік санаттарын беру үшін қажетті құжаттардың тәртібі және тізбесі орналастырылған.
Бөлімнің сайты https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-sport (ЕПИР ГО) «Мемлекеттік қызметтер» тарауы әрекет етеді, онда мемлекеттік қызметке қатысты ақпарат орналастырылған, онда Бөлімнің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмету туралы есебі тоқсан сайын жаңартылып отырылады.
2021 жылдың 28 желтоқсанына жағдай бойынша бөлім 11 мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың ішінде:
1) 3 спорттық разряд – 10;
2) біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы – 1;
3) Мемлекеттік қызметті ұсыну бойынша Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің нормалары мен талаптарына сәйкес келмеуінің себебі бойынша спорттық разрядты беруден 6 құжатқа бас тарту шешімі қабылданды.
Осы кезең ішінде мемлекеттік қызметтерді мерзімін кешіктірумен көрсетуге жол берілмеді.
Төртінші сұрақ бойынша: «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері».
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларына» қатаң сәйкестікте қарастырылады. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Е-Otinish жүйесін пайдаланумен Қазақстан Республикасы Әкімшілік процедуралық-процессуалдық кодексі (ҚР ӘППК) жұмысқа қабылданды.
2021 жылдың 4 тоқсанында Лидер сайтына келіп түскен 1 өтініш келіп түсті.
Өтініштің қысқаша мазмұны 1-кестеде келтірілген.
Кесте 1
|
№ р\н |
Өтініш келіп түскен күн |
Заңды тұлғаның атауы, өтініш жіберген тұлғаның ТАӘ |
Өтініштің қысқаша мазмұны |
Өтініш бойынша шешім |
|
Лидер сайтына келіп түскен өтініш |
||||
|
1 |
23.12.2021 |
87086628725 |
Ақсу кентіндегі ССК тренажерлермен жарақтау бойынша |
Түсіндірілді. Ақсу кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені ағымдағы жылдың қазанында жұмысын бастады. ДСК-не балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес бөлімшесінің тәрбиеленушілерінің жаттығулары ауыстырылды және жасөспірімдер мен ересектер жұмыс жасау үшін спорт нұсқаушысы жұмысқа қабылданды. Объект «Ақсу қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КМҚК-нің балансына а.ж. желтоқсанында берілді және облыстық коммуналдық меншік болып табылады. Осы сәттен бастап қосымша спорттық керек-жарақтармен жарақтау басталды. Бүгінгі күні күрес маттары, 2 баскетбол жылжымалы қондырғылары, 3 теннис үстелі, ракеткалар, волейбол жинақтары, волейбол және баскетбол доптары сатып алынды, сондай-ақ тоғызқұмалақ ойнау үшін үстелдер жасалды (10 жинақ). Сондай-ақ 5 көше тренажері сатып алынды, олар көктемгі-жазғы маусымда орнатылатын болады. 2022-2023 жылға спорттық зал үшін тренажерлерді сатып алу сұрағы қарастырылып жатыр (бұрыңғы күрес залы). Тренажерлер жинағын сатып алуға сәйкесінше есептеулер 2022-2023 жж. Бюджеттік өтінімде көрсетілетін болады. |
Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша келесі анықталды:
Ұйымдық-басқарушылық қызметте мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданылатын нормативтік құқықтық актілерде коллизиялар және ақаулар 2021 жылдың 28 желтоқсанына жағдай бойынша анықталмады.
Ақсу қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі