«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен Ақсу қалалық мәслихатының «Ақсу қаласында жеке оқу жоспарына сәйкес мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешімінің жобасы (бұдан әрі – жоба) әзірленді.
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты мүгедектер қатарындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеудің тәртібі мен мөлшерін айқындау (бұдан әрі - үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу)болып табылады.
ЖобаҚазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4 тармақшасынасәйкес әзірленді.
Осы нормативтік құқықтық актінің жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібін айқындау және мөлшерін тоқсан сайын 6-дан 8 АЕК-ке дейін ұлғайтудыкөздейді.
Жобаны қабылдау мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қажет.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешім жобасы «электрондық үкіметтің» интернет - порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7390752