Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бекітілген тізбеге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібімен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде таныса аласыз.
Нормативтік құқықтық актілер:
Әкімдік “Ақсу қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолжары бөлімі” ММ атынан «Ертіс Жастары» жас мамандарға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына қатысуға өтінішті қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 5 мен 9 ақпан аралығында сағат 09.00-ден бастап 18.30-ге дейін (үзіліс 13:00-14:30) Пушкин көшесі, 72/1 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
📍Толық ақпаратты алуға болады:
☎️ тел. 2-42-76
2024 жылғы 09 ақпанда сағат 15-00-де Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің, каб. 210 мекенжайында Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды ауылдық автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын беру конкурсы өткізілетіндігі туралы «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының әкімдігі атынан хабарлайды.
Конкурсқа келесі маршруттар пакеті қойылады (қалалық маршруттар):
1.№ 1 Лот:
№1 бағыт (Ж.Д. вокзал – Старая баня)
№7 бағыт (АЦБ – Водозабор КГП «Аксу су арнасы»)
№11 бағыт (Амангелді көшесі – АЗФ)
Проходная АО «ЕЭК» бағыт (Ж.Д. вокзал – АО «ЕЭК»)
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не конкурстық құжаттама жиынтығын алуға жазбаша өтінім ұсынады: Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1, 205 кабинет.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 31 қантар.
2024 жылғы 15 қантарда конкурстық комиссия конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.
Анықтама алу үшін 8 (71837) 24292 телефондары арқылы хабарласуға болады.
«Халықтық қатысу бюджеті» – бұл республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардың тұрғындары абаттандыру идеяларын өздері ұсына алатын, оларды жобалар деңгейіне дейін пысықтайтын, содан кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды іріктейтін сервис. Жоба тұрғындарды кез-келген жергілікті проблеманың айналасында біріктіреді, көршілерді талқылауға тартады, ауланы, саябақты немесе алаңды қалай жақсы жабдықтау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
EGOV Mobile мобильді қосымшасында ұсыныстар беруге немесе дауыс беруге болады, ол үшін сізге қажет:
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!
"Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы " Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №19 бұйрығына сәйкес, халықтың қатысуы бюджетін іске асыру мақсатында Ақсу қаласының әкімдігі мынадай іс-шаралар бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4)ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
5) бордюрлерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;
6) полигондарды жою;
7) жалпы пайдаланымдағы орындарда балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалуы үшін беседка, орындық, урна, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және жалпы пайдаланылатын жерлерде спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Қала бюджеті қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
1) ортақ пайдалану объектісі;
2) тиісті аумақтардың тұрғындары үшін өзектілігі;
Бұл ретте жобалық ұсыныстар оларды бір қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігімен басым болып табылады.
Беру сәтінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны 15 000 АЕК-тен немесе или 51 750 мың тенгеден аспауға тиіс
Үлгілік жобалық ұсыныстар бойынша тұрғындардан жобалық ұсыныстарды қабылдау кезеңі: 2023 жылғы 20 қаңтардан 1 наурызға дейін.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурстық құжаттарды қабылдау мерзімі: “Ақсу жолы” және “Новый путь” қалалық газетінде конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн.
Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар конкурсты өткізетін мемлекеттік органға келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) № 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Ақсу қаласы әкімдігінің, “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Теплосервис-Ақсу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры бос лауазымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мына мекенжайда жүргізіледі:
140100, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1, “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-сі, 2-қабат №208 кабинет, тел. 2-42-76.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар “Ақсу жолы” және “Новый путь” қалалық газетінде конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде берілуі қажет.
Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 27 қаңтар.
Конкурс 2023 жылғы 30 қаңтарда сағат 10.00-де Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1, 2-қабат, № 210 кабиенетінде өткізіледі.
Ақсу қалалық мәслихатымен «Ақсу қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешім жобасы әзірленді.
Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365- бабы 3- тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу эдістемесін бекіту туралы»№ 377 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Аталған шешім жобаның мақсаты – оны қолданыстағы заңнамаға сәйкестіру.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14336976
Қалалық мәслихат хатшысы М.Омарғалиев
Ақсу қалалық мәслихатымен «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешім жобасы әзірленді.
Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағына 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” заңының 6-бабына, Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 наурыздағы «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 190/2 қаулысына сәйкесәзірленді.
Аталған шешім жобаның мақсаты – оны қолданыстағы заңнамаға сәйкестіру.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қалалық мәслихат хатшысы М.Омарғалиев
Ақсу қалалық мәслихатымен «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешім жобасы әзірленді.
Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағына 2) тармақшасына, Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 наурыздағы «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 190/2 қаулысына сәйкес әзірленді.
Аталған шешім жобаның мақсаты – оны қолданыстағы заңнамаға сәйкестіру.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14096894
Қалалық мәслихат хатшысы М.Омарғалиев
Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!
"Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 254 бұйрығына сәйкес, халықтың қатысу бюджетін іске асыру мақсатында Ақсу қаласының әкімдігі мынадай іс-шаралар бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4)ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
5) жиектерді, кеспе тастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;
7) жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған Күркелерді, орындықтарды, урналарды, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
Қала бюджеті қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
1) ортақ пайдаланудағы объект;
2) тиісті аумақтардың тұрғындары үшін өзектілігі.
Бұл ретте, бір қаржы жылы ішінде оларды іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.
Бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны беру кезінде 10 000 АЕК немесе 30 630 мың теңгеден аспауы тиіс.
Тұрғындардан үлгілік жобалық ұсыныстар бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау кезеңі: 2022 жылғы 20 ақпаннан 10 наурызға дейін.
При этом, приоритетными являются проектные предложения с возможностью их реализации в течение одного финансового года.
Предельная стоимость реализации одного проектного предложения на момент подачи не должен превышать 10 000 МРП или 30 630 тысяч тенге.
Период приема проектных предложений от жителей по типовым проектным предложениям: с 20 февраля по 10 марта 2022 года.