2025 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 9 жобаны іске асыру жоспарлануда:
- Қалалық мәдениет және демалыс саябағын, Мемлекеттік рәміздер алаңын абаттандыру.
- АЗФ кәсіпорнына апаратын автомобиль жолының бойындағы жаяу жүргіншілер жолын реконструкциялау.
- Донентаев көшесі, 40-үй мекенжайы бойынша велотұрақ орнату.
- Донентаев көшесі, 36 және 32-үйлердің арасындағы жол бөлігін жарықтандыру.
- Теміржол көшесі, 10-үй мекенжайы бойынша балалар алаңын абаттандыру.
- М. Мәметова көшесі, 19-үй мекенжайы бойынша аулада шағын саябақ салу.
- М. Мәметова көшесіндегі саябақты абаттандыру және 3 пергола орнату.
- Астана көшесі, 58-үй мекенжайы бойынша балалар алаңын реконструкциялау.
- Ақсу қаласының жағалауын абаттандыру.
Ағымдағы жағдай: Қазіргі уақытта бюджеттік қаражаттың бөлінуі күтілуде. Жұмыстар қаржыландыру қаражаты түскеннен кейін белгіленген тәртіппен басталады.