Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік қызметі электрондық түрде көрсетіледі.

Тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіру үшін өтініш беруші «Е – Qazyna» сайтында ЭЦҚ көмегімен электрондық түрде өтінім беру қажет.

, Е – Qazyna сайтында жеке тұлға ретінде авторизациялануға", бұдан әрі "Shanyraq" бөлімін таңдап, ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке кіріп, мәліметтерді толтыру қажет. Сондай-ақ өтінімге мынадай құжаттарды қоса берсін:

 Одан кейін «Е – Qazyna» сайтында жеке тұлға ретінде тіркеліп, «Shanyraq» бөлімін таңдап, жеке кабинетке ЭЦҚ көмегімен кіріп, мәліметтерді толтыруыңыз керек. Сондай-ақ өтінімге келесі құжаттарды:

          1) неке қию не некені бұзу туралы куәлікті;

           2) отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы (соңғы 5 жылда жеке меншікте тұрғын үй тіркелмеуі тиіс);

           3) мемлекеттік қордан тұрғын үйге құқық белгілейтін құжатты (ордер, тұрғын үйді жалдау шарты);

        4) жалдау шарты бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманы;

5) санатын растайтын құжат (жұмыс орнынан анықтама, зейнетақы куәлігі, Семей полигонының ядролық сынақтарынан зардап шеккен адамның куәлігі).        

        Өтінімді толтырғаннан кейін жалға алу шартында немесе ордерде көрсетілген отбасының әрбір кәмелетке толған мүшесі оған электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қоюы тиіс.

Өтінім автоматты түрде мемлекеттік органның қарауына жіберіледі. Қарау мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.

Уәкілетті орган тарапынан жекешелендіру туралы шартқа қол қойылғаннан кейін Сізге «Е – Qazyna» порталына кіріп, «Shanyraq» бөліміне өтіп, ЭЦҚ көмегімен қалыптастырылған шартқа қол қою қажет.

Туындаған сұрақтар бойынша Ақсу қаласы, Пушкин көшесі 72/2,  мекенжайы бойынша орналасқан «Ақсу қаласының қаржы бөлімі» ММ № 108, 102 кабинеттеріне жүгініп,  40888, 40815 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру
Дата публикации
31 января 2026