Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметтер туралы» заңының 23 бабы 6 тармағына сәйкес «Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ басшысымен, мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың, қызмет алушылар және мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен ағымдағы жылдың ақпан айында 2022 жылға арналған мемелекеттік қызмет аясында қызмет көрсету жөнінде есептерді көпшілікпен талдау туралы семинар өткізілді.
Көпшілікпен талдау отырысын Ақсу қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Аламгуль Асановна Ахметова ашты. Тыңдаушылардың талқылауына білім бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 14 түрі ұсынылды. Өткен 2022 жылы мемлекеттік мекемемен 2858 қызмет көрсетілді, оның ішінде:
2022 жылға арналған мемелекеттік қызмет аясында қызмет көрсету жөнінде есептерді көпшілікпен талдау кезінде қызмет алушылардан мемелекеттік қызмет көрсетуде өтінішті қабылдау және нәтижесін беруге, мемелекеттік қызмет көрсетудің мерзімдеріне, қызмет алушының (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің) қызмет көрсетушіге немесе Мемлекеттік корпарацияға берген өтінішіне байланысты мемелекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізіміне қатысты сұрақтар қойылды.
Қызмет алушылардың және мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қойған сұрақтарына мамандармен толыққанды жауап берілді.
Сондай-ақ білім бөлімінің мамандары есептік кезең аралығында мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінде бұзушылық болмағандығын атап өтті.
Тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтердің көрсетіліу тәртібі туралы егжей-тегжейлі ақпарат Ақсу қаласының білім беру бөліміның арнайы сайтында - bilimaksu.edu.kz, сондай-ақ секторлармен көрсетілетін барлық қызметтер тізбесі, көрсетілетін қызметтер туралы қысқаша ақпарат Ақсу қаласының білім беру бөлімі мен ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдарының фойесіндегі ақпараттық стендтерде орналастырылған.