2025 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпарат

Ақсу қаласының білім беру бөлімімен мемлекеттік қызметтің 14 түрі, орта білім беру ұйымдарымен 6 мемлекеттік қызмет, мектепке дейінгі ұйымдармен – 1 мемлекеттік қызмет, қосымша білім беру ұйымдарымен – 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген стандарттар бар.

2025 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік мекемемен 863 қызмет көрсетілді, оның ішінде: 811 электрондық түрде (электрондық үкімет порталы – 100, ақпараттық жүйелер – 711), халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 14 мемлекеттік қызмет, қағаз түрінде – 38 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  Білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері.

– 12 мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылған, веб-портал egov.kz және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетіледі;

– 4 мемлекеттік қызмет, ішінара автоматтандырылған қағаз нұсқада қызмет көрсетудің баламасы бар;

– 2 мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі;

– 4 мемлекеттік қызмет кеңсе арқылы көрсетіледі.

Осы кезең ішінде құжаттардың толық емес пакетін ұсынуға байланысты 31 бас тарту болды.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Ақсу қаласы білім беру бөлімінің ресми сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/, сондай-ақ Ақсу қаласының білім беру бөлімі ғимаратының фойесінде және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында ақпараттық стендтерде секторлар көрсететін қызметтердің барлық тізбесі, көрсетілетін қызметтер туралы қысқаша ақпарат қамтылған.

Ақсу қаласы білім

беру бөлімінің басшысы                                  Қ. Смағұлов 

Кудербаева, 50593

2025 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпарат
Дата публикации
01 апреля 2025