«Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама
2026 жылғы 19 мамыр Ақсу қаласы
1. Нормативтік-құқықтық база
«Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР Заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы қаулысымен бекітілген бөлім туралы Ережені басшылыққа алады.
2. СЖТІТ жүргізу туралы бұйрық, жауаптылар
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін (бұдан әрі - СЖТІТ) бөлім басшысы Б.Ж. Ыбыраева 26.03.2026 жылғы №19 бұйрық шығарды.
СЖТІТ жүргізуге жауаптылар анықталды:
|
Кудикенова Лунара Ерназовна |
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі |
|
Попкова Елена Николаевна |
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі |
|
Казгомбаева Жанар Амангельдыевна |
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы |
|
Искакова Айымгуль Айдархановна |
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы |
3. Есепті кезең
Алдыңғы СЖТІТ 2025 жылдың сәуірінде жасалған.
Ағымдағы СЖТІТ кезең ішінде өткізіледі: 2025 жылғы сәуір-2026 жылғы сәуір
СЖТІТ жүргізу барысында келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:
1) Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Есепті кезеңде Бөліммен келесі нормативтік-құқықтық актілер дайындалды, сондай-ақ бюджетке түзетулер енгізілді және мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулыға өзгерістер енгізілді:
Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі «Ақсу қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХХІХ кезекті сессиясы) 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 172/29 шешімін іске асыру туралы» № 1080/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 230/3 қаулысы;
Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 16 мамырдағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 201/34 шешімі;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 шілдедегі «Ақсу қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХХІХ кезекті сессиясы) 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 172/29 шешімін іске асыру туралы» № 1080/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 406/6 қаулысы;
Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 14 шілдедегі «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 215/36 шешімі;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы «Ақсу қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХХІХ кезекті сессиясы) 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 172/29 шешімін іске асыру туралы» № 1080/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 479/7 қаулысы;
Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 тамыздағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 217/37 шешімі;
Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 222/38 шешімі;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 қазандағы «Ақсу қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХХІХ кезекті сессиясы) 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 172/29 шешімін іске асыру туралы» № 1080/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 652/8 қаулысы;
Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 қазандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 233/40 шешімі;
Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 қазандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 234/41 шешімі;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 қарашадағы «Ақсу қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХХІХ кезекті сессиясы) 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 172/29 шешімін іске асыру туралы» № 1080/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 699/9 қаулысы;
Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 239/42 шешімі;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХХІХ кезекті сессиясы) 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 172/29 шешімін іске асыру туралы» № 1080/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 747/9 қаулысы;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХХІХ кезекті сессиясы) 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 172/29 шешімін іске асыру туралы» № 1080/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 776/9 қаулысы;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХХІХ кезекті сессиясы) 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 172/29 шешімін іске асыру туралы» № 1080/11 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 800/9 қаулысы;
Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 245/43 шешімі;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 9 ақпандағы «Ақсу қаласының 2026 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХLIII кезекті сессиясы) 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 245/43 шешімін іске асыру туралы» № 781/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 55/2 қаулысы;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 10 наурыздағы «Ақсу қаласының 2026 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХLIII кезекті сессиясы) 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 245/43 шешімін іске асыру туралы» № 781/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 137/3 қаулысы;
Ақсу қалалық мәслихатының 2026 жылғы 20 наурыздағы «Ақсу қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 263/46 шешімі;
Ақсу қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі «Ақсу қаласының 2026 жылға арналған бюджетін түзету және Ақсу қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы «Ақсу қалалық мәслихатының (VIII сайланған ХLIII кезекті сессиясы) 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «Ақсу қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 245/43 шешімін іске асыру туралы» № 781/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 182/5 қаулысы;
Есепті кезеңде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мәселесі бойынша бюджеттік кредит бойынша берешекті өндіріп алу туралы қала әкімдігінің 31 қаулысы әзірленді.
Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026 жылы Ақсу қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 1 шешімі әзірленді.
Мәслихаттың мемлекеттік орган әзірлеген барлық шешімдері ашық НҚА порталында орналастырылды және қоғамдық кеңес қарады. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
2: Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Бөлімнің ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Есепті кезеңде бөлімнің негізгі қызметі бойынша 103 бұйрық қаралды. Бұзушылықтар анықталған жоқ
3: Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау;
Бөлімнің штат саны 6 бірлікті құрайды.
2026 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша нақты саны-6 бірлік.
Құрылымы бойынша бөлімде 2 сектор бар:
- өңірді талдау, болжау және дамыту секторы - штат саны 2 бірлік.,
- бюджеттік жоспарлау секторы - штат саны 2 бірлік.
Теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босату және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылған фактілер жоқ.
Мемлекеттік қызметке қабылдаудың/жұмыстан шығарудың, тәртіптік жаза қолданудың және алып тастаудың барлық конкурстық рәсімдерін және т.б. қала әкімі аппаратының жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады.
4: Мүдделер қақтығысын реттеуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
«Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ жұмыс тобы мүдделер қақтығысының болуына, қызметкерлердің бөлім басшысымен жұмысқа қабылданған үлестестігіне, кадрлардың ауысу себептеріне, қызметкерлердің жұмыстан босатылуына, жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен жұмысына, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша анықталған жоқ
5: Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №322/3 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес, «Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну».
Мемлекеттік қызмет ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес көрсетіледі». (бұдан әрі-Қағида)
Есепті кезеңде әлеуметтік қолдау шараларын алуға барлығы 82 өтінім қабылданды және қаралды, оның ішінде бюджеттік кредит алуға – 31, көтерме жәрдемақы алуға - 51. Әлеуметтік қолдау шараларын алу талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 5 маманға бюджеттік несие, 2 маманға көтерме жәрдемақы беруден бас тартылды.
Бас тартудың негізгі себептері:
- соңғы 2 жылда 90 күннен астам кешіктіру;
- бағдарлама басталғанға дейін осы ауылда жұмыс істейтіндігіне байланысты;
- құжаттар пакетінің толық болмауына байланысты;
Мақұлданған өтінімдердің ішінен тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит білім беру (12), денсаулық сақтау (1) саласының 13 маманына 95236,7 мың теңге сомасында берілді. Тағы 16 адам кезекке қойылды (2025 жылға – 7 адам, 2026 жылға – 9 адам).
2025 жылы тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит білім беру (6), денсаулық сақтау (1), агроөнеркәсіптік кешен (1) салаларының 8 маманына 62912,0 мың теңге сомасында берілді. Тағы 29 адам кезекке қойылды.
Білім беру (34), денсаулық сақтау (9), мәдениет (3), спорт (2) салаларының мамандарына және ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік қызметшілеріне (2) 19660,0 мың теңге сомасында 50 көтерме жәрдемақы төленді (оның ішінде 1 – 2024 жылдан бастап кезектегі).
«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметі «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жылжымайтын мүлік порталы (бұдан әрі - Сенім білдірілген өкіл) Баспана маркет (бұдан әрі - Портал) арқылы электрондық түрде ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болғызбауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға тиіс. Алайда, Порталдағы тұрақты техникалық іркілістер (көрсетілетін қызметті алушының өтінімін жіберу кезінде СМС-ты растаудың мүмкін еместігі дербес деректерді жинау және өңдеу, түсініксіз себептермен өтінімді жіберу кезінде қатенің туындауы сияқты проблемаларға тап болады) көрсетілетін қызметті алушылармен байланысуға мәжбүр етеді. Порталдағы техникалық мәселелерді шешу Отбасы банкінің техникалық қолдау қызметі 300 нөмірі бойынша ұзақ сипатқа ие. Сенім білдірілген өкіл тарапынан техникалық проблемаларды жедел жою қажет.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінде де кемшіліктер бар:
1. Ақпараттық жүйеде бизнес-процестің Қағиданың талаптарына қайшылығының болуы.
1.1. Қағиданың 2-тарауы 14-тармағында: «Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну және/немесе әлеуметтік қолдау шараларын алуға көрсетілетін қызметті алушыларды есепке және кезекке қою немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту туралы қаулысының жобасын дайындайды. Мақұлданған жағдайда, ЖАО 4 жұмыс күні ішінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдайды».
Қағиданың 17-тармақ 2) тармақшаларына сәйкес «Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылданғаннан кейін:
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алған кезде Келісімге Порталда көрсетілетін қызметті беруші, сенім білдірілген өкіл (агент) және көрсетілетін қызметті алушы арасында бес жұмыс күні ішінде ЭЦҚ көмегімен немесе куәландырылған бір реттік парольмен қол қойылады.
20-тармақтың 1-тармақшасына сәйкес – «Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші Порталда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған мынадай құжаттарды:
1) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру кезінде:
сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісін;
сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілетін бюджеттік кредит мөлшерінен асқан кезде қоса қаржыландыруға жазбаша келісімді хабардар етеді.
Яғни, кредиттеуді мақұлдау кезінде Қағидаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің тәртібі келесідей: әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдау - келісімге қол қою – сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісін ұсыну. Алайда, «Сabinetmio.otbasybank.kz» АЖ - сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісін ұсыну - әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы қаулы қабылдау - Келісімге қол қою
Сенім білдірілген агент оған көрсетілетін қызметті алушыларға одан әрі кредит беру үшін ақша қаражатын аудару кезінде көрсетілетін қызметті алушылар бойынша мақұлданған кредит сомасын көрсете отырып, ережеге қайшы келетін қаулыны талап етеді. Осыған байланысты, көрсетілетін қызметті алушыларға сатып алынатын мүлікті бағалау актісін шектеулі мерзімдерде, яғни 4 жұмыс күні ішінде (қаулы қабылданғанға дейін) ұсыну қажет, ал мұндай талап регламентке сәйкес келмейді және Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
АЖ-ны Қағидалармен сәйкестендіру қажет.
1.2. Қағиданың 11-тармағына сәйкес «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді, тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы, көрсетілетін қызметті алушының атына тұрғын үй салуға берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы анықтамаларды, еңбек қызметі бойынша мәліметтерді, ортадан кейінгі, техникалық, кәсіптік және/немесе жоғары білім дипломының болуы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады
Алайда, Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталында otbasybank.kz/programm-bank «жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті алушыда және оның жұбайында (зайыбында) және балаларында жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтамалар, еңбек қызметі жөніндегі мәліметтер» туралы ақпаратты қарау және алу мүмкіндігі жоқ.
Электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы «көрсетілетін қызметті алушыда және оның жұбайында (зайыбында) және балаларында жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтаманы, еңбек қызметі жөніндегі мәліметтерді» сканерленген түрде құжаттарды тіркейді, өйткені егер бұл мәліметтер тіркелмесе, онда өтінішті одан әрі жіберуге мүмкіндік жоқ.
Бұл жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сканерленген құжаттарды тіркеген кезде (оң жауап алу үшін) деректерді өзгерту және дәйексіз ақпарат беру қаупі бар.
Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы осы құжаттарды тіркемеуі тиіс.
АЖ-ны сәйкестендіру және «электрондық үкімет» шлюзі арқылы «Cabinetmio.otbasyban» АЖ-да жоғарыда аталған мәліметтерді алу мүмкіндігін қарастыру қажет.
1.3. Электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «Отбасы Банкінде» депозит және ағымдағы шот ашу талап етіледі, бұл көтерме жәрдемақы алу үшін міндетті емес, өйткені ақшалай қаражат көрсетілетін қызметті алушының бұрыннан бар ағымдағы шотына аударылады. Егер депозит пен шот ашылмаса, онда келісімге қол қою мүмкіндігі жоқ. Қағида талаптарында бұл сұралмайды, яғни «otbasybank.kz» порталында Қағида талаптарында көрсетілмеген қосымша әрекетті орындау қажет.
АЖ-ны сәйкестендіру қажет.
1. Деректер базасының болмауы.
2.1. Қағидалардың 1-қосымшасының 9-тармағының 2, 3-тармақшасында:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мынадай:
2) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
3) егер көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан оның негізінде айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда жүзеге асырылады».
Алайда, «Сabinetmio.otbasybank.kz» АЖ бұл мәліметтерді (сот шешімдерін) қарауға мүмкіндік жоқ.
«Сabinetmio.otbasybank.kz» АЖ жетілдіру және «электрондық үкімет» шлюзі арқылы АЖ-да ақпарат (соттардың шешімі) алу мүмкіндігін қарастыру қажет.
6: Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
«Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
7: Бақылау-тексеру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
«Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бақылау-тексеру функцияларын іске асырмайды.
8: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Есепті кезең ішінде бөлім басшысы барлығы 103 ішкі бұйрық шығарды. Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал етуі мүмкін ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.
9: Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
Ақшалай қаражатты жоспарлау және бөлу, сондай-ақ оларды игеру және тиімді пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» № 540 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 393 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Бюджет қаражатын игеруге және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2025 жылға бөлімге 165501,0 мың теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде бағдарламалар бөлінісінде:
001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 69124,0 мың теңге. Осы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар бекітілген штат санына сәйкес Бөлім аппаратының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, онда еңбекақы төлеу қорына шығыстар, салықтар мен аударымдар, іссапар шығыстары, кеңсе және шаруашылық тауарлармен қамтамасыз ету көзделген, ақпараттық жүйені ұстау, қызметтік көлікке, компьютерлік және техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
004 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы 1270,0 мың теңге. Осы бюджеттік бағдарлама бойынша бөлімнің материалдық-техникалық базасын (моноблок-3 дана, түсті принтер-1 дана, ноутбук -1 дана) толықтыру болды.
006 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер» бағдарламасы 62912,0 мың теңге. Осы бюджеттік бағдарлама бойынша 8 маманға бюджеттік кредиттер берілді.
099 «Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру» бағдарламасы 12535,0 мың теңге, оның ішінде 12534,1 мың теңге сомасына бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету бойынша сенім білдірілген агенттің қызметтері төленді, сондай-ақ 50 маманға 19660,0 мың теңге сомаға көтерме жәрдемақы төленді.
Бөлімнің қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты ішкі құжаттарды талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал етуі мүмкін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі құжаттарға талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдердің бұзылуын анықтау мақсатында өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша материалдар қаралды.
Осы кезеңде бөлім жалпы сомасы 3103,8 мың теңгеге 46 мемлекеттік сатып алуды өткізді. Оның ішінде баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен – 20 сатып алу, өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден – 12 сатып алу, бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы -14 сатып алу.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Камералдық бақылау тарапынан жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша ескертулер жоқ. Жеткізушілерді ЖЖТ-ға енгізу, сондай-ақ талап-арыз ескертулері жоқ.
Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне:
- бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыру;
- кәсіби қызмет барысында мүдделер қақтығысына, бюджет және қаржы қаражатын игеруге және бөлуге байланысты бұзушылықтарға жол бермеуге;
- Бөлімнің барлық қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаумен таныстыру ұсынылды.
Жұмыс тобының жетекшісі
Ыбыраева Б.Ж. _________________ Бөлім басшысы
Жұмыс тобының мүшелері
|
Кудикенова Л.Е. __________________ |
Өңірді талдау, болжау және дамыту секторының меңгерушісі |
|
Попкова Е.Н. __________________ |
Бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі |
|
Казгомбаева Ж.А. __________________ |
Бас маман |
|
Искакова А.А. __________________ |
Бас маман |