2026 жылғы 21 қазанда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы – әдеп жөніндегі уәкіл Е.Ж. Саускановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтіп, оған Тексеру комиссиясының басшылығы мен қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы бейнеконференцбайланыс режимінде қатысты.
Кеңес барысында әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді әкімшілік жауаптылыққа тартуға қатысты мәселелер қаралды.
Қызметкерлердің назарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұсынған ақпарат жеткізілді. Лауазымдық міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да заңнама талаптарын, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдеп нормаларын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кеңес соңында қаралған мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
2026 жылғы тамыз айында «Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, сондай-ақ Аршалы ауданына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдаланудың мемлекеттік тиімділік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Сарыоба ауылдық округі әкімінің аппаратына 2 310,0 мың теңге мөлшеріндегі соманы бюджет кірісіне өтеу нұсқалды.
2026 жылғы қазан айында мемлекеттік аудит объектісі осы талаптарды толық көлемде орындады.
2026 жылғы тамыз айында «Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, сондай-ақ Аршалы ауданына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдаланудың мемлекеттік тиімділік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Аршалы ауданының экономика және қаржы бөліміне 1 879,0 мың теңге мөлшеріндегі соманы бюджет кірісіне өтеу нұсқалды.
2026 жылғы қазан айында мемлекеттік аудит объектісі осы талаптарды толық көлемде орындады.
2025 жылғы тамыз айында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін жоспарлау және пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Аграрлық-индустриялық колледжіне 2 245,7 мың теңге мөлшеріндегі соманы бюджетке өтеу және 32 032,5 мың теңге мөлшеріндегі соманы қалпына келтіру нұсқалды.
2026 жылғы қазан айында мемлекеттік аудит объектісі осы талаптарды толық көлемде орындады.
2026 жылғы 14 қазанда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Отырысқа Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ мемлекеттік аудитпен қамтылған медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған ұлттық жобаның іске асырылу тиімділігі мәселелері қаралды.
Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға, денсаулық сақтау саласындағы басқару жүйесін жетілдіруге, медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, кадр тапшылығын азайтуға және ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірледі.
Мемлекеттік аудит объектілеріне аудиторлық қорытынды мен нұсқамалар, сондай-ақ қаралған саладағы қызметті жетілдіруге және басқару тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар жолданды.
2026 жылдың 14 қазанда сағат 11:00-де Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтеді, онда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың мемлекеттік аудитінің қорытындылары қаралатын болады.
Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1Б, 327 кабинет (мәжіліс залы).
Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Абдрахманова А.Б.-ның төрағалығымен 2026 жылғы 05 қазанда «Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылығының, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, сондай-ақ Бұланды ауданына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдаланудың мемлекеттік тиімділік аудиті» алдағы аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді.
Оның жұмысына Тексеру комиссиясының аппарат басшысы – Әдеп жөніндегі уәкілі Саусканов Е.Ж., мемлекеттік аудит сапасын бақылау бөлімінің басшысы Кадырбеков Р.А., құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы Досанов Е.М., сондай-ақ мемлекеттік аудит тобы қатысты.
Техникалық оқу барысында Тексеру комиссиясының мүшесі Абдрахманова А.Б. мемлекеттік аудит тобына қатысушылардың аудиторлық іс-шараны жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, әдеп нормаларын сақтауы бойынша түсіндірмелер берді. Сондай-ақ аудит бағдарламасының және аудит нәтижелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсету мәселелері қаралып, талқыланды.
Тексеру комиссиясының аппарат басшысы Саусканов Е.Ж. мемлекеттік аудит тобының назарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Мемлекеттік аудиторлардың кәсіптік әдеп қағидаларын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.
Мемлекеттік аудит объектілеріне шыққанға дейін мемлекеттік аудит объектілерінің мекенжайына мемлекеттік аудит жүргізу туралы хабарламалар жіберілді.
Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен Шортанды ауданы әкімдігінде дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның негізгі тақырыбы салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының, сондай-ақ облыстың Даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит шеңберінде анықталған жиі кездесетін бұзушылықтар болды.
Дөңгелек үстел жұмысына Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары, сондай-ақ Шортанды ауданының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басшылары мен бухгалтерлік қызметтерінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру, сондай-ақ бюджетті атқару процесінде жиі кездесетін типтік қателер негізгі талқылау тақырыптарына айналды. Қатысушылар бюджет заңнамасының талаптарын, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы нормаларды сақтамау жағдайларын егжей-тегжейлі қарастырды. Заңнамадағы өзгерістерге ерекше назар аударылды: кездесуге қатысушыларға күші жойылған Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі ұсынылып, жаңа нормативтік құқықтық актілердің ережелері түсіндірілді.
Ұйымдастырушылар жоспарлау сапасын арттыру, бюджеттік міндеттемелерді уақтылы орындау және бюджет қаражатын пайдалану кезінде ашықтықты қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аударды. Барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға мемлекеттік аудиторлар толық жауаптар мен түсіндірмелер берді.
2026 жылғы 10 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.2 және 2.5-тармақтарын іске асыру шеңберінде семинар-кеңес өтті.
Заңнаманың өзекті ережелерін түсіндіру мақсатында Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Сейтмағанбетова Ж.Т. және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Құсайынов А.А.-ны шақырды.
Семинар-кеңеске Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік аудит объектілерінде жүрген Тексеру комиссиясының қызметкерлері іс-шараға WhatsApp мессенджері арқылы бейнебайланыс көмегімен онлайн форматта қатысты.
Іс-шара барысында қаралған негізгі бағыттар:
📌 Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері;
📌 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелері;
📌 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының ережелері, оның ішінде:
✅ сервистік бағдар, клиентке бағдарлану, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, HR-трансформация;
✅ Бірыңғай цифрлық кадр жүйесі, конкурстық рәсімдер, олардың кезеңдері мен талаптары, ұзақ мерзімді лауазымдарға конкурс жариялауды автоматтандыру;
✅ мемлекеттік қызметке конкурстан тыс кіру тетіктері: жоғары оқу орындары мен Мемлекеттік басқару академиясының түлектері, Өңірлік және Президенттік жастар кадр резервтерінің мүшелері және басқа да санаттар;
✅ Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқық қорғау органдарына түсуге арналған тестілеу бағдарламаларына өзгерістер енгізу;
✅ мемлекеттік қызметке түсуге даярлау институты: мақсаттары, міндеттері мен мүмкіндіктері;
✅ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға және әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған жаңашылдықтар;
✅ үстеме жұмыс үшін қосымша төлемдер, ротациялық төлемдер, отбасылық жағдайларға және еңбек өтіліне байланысты қосымша демалыс күндері және басқа да әлеуметтік кепілдіктер;
✅ лауазымдық деңгей институтын енгізу, бағалау, аттестаттау мәселелері және басқа да өзгерістер, сондай-ақ кадр қызметінің рөлін жаңарту.
Семинар-кеңес қорытындысы бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар қойылған барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап алды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру мақсатында ақпараттық бейнероликтер дайындады