Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін тимбилдинг ұйымдастырылды.

Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін тимбилдинг ұйымдастырылды.

        2025 жылдың ақпан айында Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін Зеренді ауылының көркем жерінде орналасқан «Сұңқар» демалыс базасына барып тимбилдинг ұйымдастырылды.

        Бұл іс-шараның мақсаты корпоративтік рухты нығайту, ұйымшылдық сезімін күшейту, қызметкерлер арасындағы сенімді дамыту, жеке және командалық әлеуетті іске асыру болып табылады.

        Тимбилдинг оның қатысушыларына көптеген жағымды эмоциялар, әсерлер мен керемет көңіл-күй сыйлады. Тамаша ауа-райы мен таза ауа қызықты командалық ойындармен, қызықты спорттық старттармен, шаңғы жарыстарымен, шанамен сырғанау және демалыс орталығында серуендеу арқылы белсенді демалысқа ықпал етті.

        Өткізілген корпоративтік іс-шара әр қатысушының жеке қасиеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымды біріктірді.