2024 жылғы 28 маусымда Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асырудың тиімділігін бағалаудың мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.
Отырыс жұмысына Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы К.Ғ. Әлімжанов, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Д.Е. Сердалі, Ақмола облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары А.К. Сыздықов, Ақмола облысы бойынша "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ филиалының мониторинг бөлімінің бастығы А.Б. Баймұратов, "Көкше" ӘКК кредит беру бөлімінің басшысы Д.К. Ахметжанова қатысты
Мемлекеттік аудит барысында бірқатар қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілері, сондай-ақ рәсімдік бұзушылықтар, жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы аудиторлық қорытынды мен нұсқама, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, қарастырылып отырған салада басқару сапасын арттыру бойынша ұсынымдар жіберілді.


