Ағымдағы жылдың 16 маусымында облыстық мәслихаттың "2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы" мәселені қарау жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 16 маусымында облыстық мәслихаттың "2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы" мәселені қарау жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

        Ағымдағы жылдың 16 маусымында Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.А. Жүсіповтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың "2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы" мәселені қарау жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

        Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Б. Есмағамбетов 2022 жылға арналған облыс бюджетінің атқарылуын бағалау туралы баяндама жасады.

        Баяндамада Қ.Б. Есмағамбетов облыс экономикасы дамуының оң үрдістерін, атап айтқанда жалпы өңірлік өнімнің 3 трлн. 355 млрд. теңгеге, орташа айлық жалақының 124,5%-ға дейін ұлғайғанын, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың қанағаттану деңгейі денсаулық сақтау саласында 57,5%, білім беру саласында 61,4% құрағанын атап өтті.

        Салықтар бойынша берешектің болуы, дебиторлық берешектің өсуі, облыстың даму жоспарының жекелеген нысаналы индикаторларына қол жеткізбеу, жекелеген бюджеттік инвестициялық жобалардың аяқталмауы сияқты кірістер мен шығыстар бойынша облыстық бюджетті атқару кезіндегі  кемшіліктер де атап өтілді.

        Төраға өз баяндамасында Тексеру комиссиясы қызметінің 2022 жылғы қорытындылары туралы да хабардар етті.