"Зеренді ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2022 жылғы жылдық есепті бекіту"

"Зеренді ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2022 жылғы жылдық есепті бекіту"

        Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Мұратбек Шәмілұлы Тақамбаев ағымдағы жылдың 17 мамырында Зеренді ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2022 жылғы жылдық есепті бекіту мәселесі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты.

        Зеренді аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі Әсен Дулатұлы Жақсылықов тиісті баяндама жасады.

        Депутаттардың назарына Зеренді ауданының 2022 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есебіне Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды.

        Қорытындыда 2022 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуының негізгі проблемалық мәселелері атап өтілді, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Бюджетті орындау кезінде кемшіліктердің болуы көрсетілді.

        Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау, бюджеттік жүйе қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.

        Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.