2023 жылғы 29 сәуірде Ақмола облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Е. Нұралыеваның төрағалығымен Әкімшілік процесте жазбаша іс жүргізуді жүргізу мәселелерін талқылау және түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға облыс және Көкшетау қаласы әкімі аппаратының, облыс прокуратурасының, тексеру комиссиясының, жер ресурстарын басқару, Әділет, Ішкі мемлекеттік аудит, Мемлекеттік кірістер департаменттерінің, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің, "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ-ның, ЖСО өңірлік палатасының, адвокаттар алқасы және заң консультанттары палатасының өкілдері қатысты.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Б.С. Әлжанов және судья Г.А. Нұрманова әкімшілік істерді жазбаша талқылауда қарау тәртібі және оның артықшылықтары, сондай-ақ ҚР АРПК-не енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндамалар жасады.
Қатысушылардың сөз сөйлеуі және проблемалық мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.


