2023 жылғы 3 наурызда жоғары аудиторлық Палата Төрағасының 2022 жылғы 25 қарашадағы №158–н/қ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтардың жаңа жіктеуішін түсіндіру бойынша техникалық оқу жүйесінде кезекті сабақ өткізілді.
Сабаққа Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Қ. Малғаждар сөз сөйледі., ол тыңдаушылардың назарына бұзушылықтар классификаторына енгізілген жаңалықтар туралы ұсынды.
Сабақ соңында тыңдаушылар арасында пікір алмасу өтті.