Салтанатты жиналыс туралы ақпарат

Салтанатты жиналыс туралы ақпарат

        Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

        Конституция тарихы туралы шағын баяндамамен тексеру комиссиясының мүшесі Азамат Қалбекұлы Ибикенов сөз сөйледі.

        Тексеру комиссиясының Төрағасы Есмағамбетов Қанат Байарыстанұлы зор денсаулық, бейбітшілік және жақсылық тілеп, ұжымды мемлекеттік мерекемен құттықтап өтті.

        Тексеру комиссиясының бірқатар мемлекеттік қызметшілері Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы Төрағасының грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды.

        Салтанатты жиын қорытындысы бойынша концерттік бағдарлама өтті.