Құрметті әріптестер, сайт қонақтары!

Құрметті әріптестер, сайт қонақтары!

        30 тамыз - бүкіл ел мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін атап өтуде. Сіздерді осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

        Бұл күн барлық қазақстандықтар үшін ерекше маңызды. Азаматтардың тікелей ерік білдіруі арқылы қабылданған біздің еліміздің Конституциясы өркениетті мемлекеттің барлық демократиялық принциптерін қамтыды. Негізгі Заң ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы жарқын және көптен күткен арманын іске асыра отырып, мемлекеттік құрылыстың іргетасы мен республикамыздың бірлігін айқындады. Сол кезден бастап Қазақстанның әрбір азаматы өз пікірін тең құқылы білдіріп, құқықтарын қорғай алады. Конституцияның игілікті және өмірлік идеялары қазіргі Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңге жол ашты. Еліміздің барлық жетістіктері — әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени және спорттық жетістіктері дана да жасампаз Конституцияның арқасында мүмкін болды. Бүгінде Конституция -біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі.

        Тәуелсіздік жылдарында еліміз саяси тұрақтылықты нығайтудың күрделі жолынан өтті. Ынтымақ пен бірліктің арқасында біз әлемнің танылған мемлекетіне айналдық. Енді біз демократиялық құндылықтарды дамытуға және жаңа Қазақстанды құруға бет бұрудамыз. Конституциялық өзгерістер еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртуға, уақыт талаптарына сәйкес экономиканы дамытуға, Қазақстан азаматтарының өмір сапасына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Осы мереке қарсаңында әрқайсыңызға мықты денсаулық пен бақыт тілеймін! Әр үйде, әр отбасында амандық пен өркендеу болсын!

 

Ақмола облысы бойынша

тексеру комиссиясының

Төрағасы                                                                                Есмағамбетов Қ.Б.