2021 жылғы тамыз айында «Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдерінің толықтығы мен уақтылығының, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, сондай-ақ Қорғалжын ауданына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдалануына мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Қорғалжын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 674,3 мың теңге мөлшеріндегі соманы бюджетке өтеу нұсқалды.
2022 жылғы тамыз айында мемлекеттік аудит объектісі осы талаптарды толық көлемде орындады.