Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы ағымдағы жылғы 11 мамырда 2021 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің жобасын бекіту мәселесі бойынша кезекті отырыс өткізді, ол өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылады.
Қаралып отырған мәселе бойынша Тексеру комиссиясының мүшелері А.Қ. Ибикенов пен М.Ш. Тақамбаев сөз сөйледі, олар облыстық бюджетті атқарудың, әлеуметтік-экономикалық дамудың, бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін атап өтті.
Бұдан басқа, олар жергілікті бюджеттің атқарылу сапасын одан әрі арттыру туралы қорытындылар жасап, ұсынымдар әзірледі.
Отырыс қорытындысы бойынша жоғарыда аталған есептің жобасын бекіту және оны Ақмола облысының мәслихатына жіберу туралы шешім қабылданды.