Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген тиімділік аудитінің қорытындысы шығарылды.
Аудиторлық іс – шаралардың нәтижелері бойынша қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 7,5 млн.теңгені құрады, рәсімдік сипаттағы 65 бұзушылық анықталды, тиімсіз жоспарлау – 25 млн. теңге, тиімсіз пайдалану-48 млн. теңге.
Тексеру комиссиясымен аудит барысында бюджеттік есепке алуды жүргізу, есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бұзғаны үшін жекелеген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілеріне ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, ҚР бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірқатар ұйымдастырушылық – практикалық шараларды іске асыру, кінәлі лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығын қарау бойынша ұсынымдар берілді.