Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды

Қорғалжын ауданы Сабынды ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды

2021 жылғы шілдесінде "Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының, аумақты дамыту бағдарламасы мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, сондай-ақ Қорғалжын ауданына бөлінген бюджет қаражатының (активтерінің) пайдаланылуының мемлекеттік аудиті" аудиторлық іс-шарасы шеңберінде тиімділік пен сәйкестіктің сыртқы мемлекеттік аудиті "Қорғалжын ауданының Сабынды ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-де жүзеге асырылды.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 1475,1 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1348,3 мың теңге қалпына келтірілуге, 126,8 мың теңге өтелуге жатады.

Тексеру комиссиясының нұсқамасын орындау мақсатында Сабынды ауылдық округі әкімінің аппаратымен 1348,3 мың теңге қалпына келтірілді, 126,8 мың теңге өтелді.