2017 жылғы 23 маусымда Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы М.Қ. Мұстафин Есеп комитетінде өткен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты.

Есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы министрлігінің өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тексеру комиссияларының төрағалары қатысты.
 
Отырыс барысында "мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Заңды жетілдіру, ішкі және сыртқы мемлекеттік аудит органдары функцияларының қайталануын болдырмау және олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарының сапасына бақылау жүргізу, сыртқы мемлекеттік аудит органдарының ақпараттық өзара іс-қимылы мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік аудиторларды 2016 жылы сертификаттау қорытындылары қаралды және 2017 жылға арналған міндеттер.