Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2018 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудиттің уәкілетті органы бола отырып, бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық фактілерін анықтау және алдын алу, Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепті жүргізуіне және ұсынатын қаржылық есептілігіне сәйкестігі, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
2018 жылдың 1 жартыжылдығында Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы 11 аудиторлық іс-шараның қорытындысын шығарды. Мемлекеттік аудитпен жалпы қамту сомасы 33,9 млрд.теңгені құрайтын 61 аудит объектісі қамтылды, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты – 19,7 млрд. теңге, республикалық бюджет трансферттері – 14,3 млрд. теңге.
Мемлекеттік органдарда тексерумен – 28,7 млрд.теңге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде – 5,3 млрд. теңге қамтылды.
Жүргізілген аудиторлық іс – шаралардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтардың сомасы 21,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде: бюджет қаражатын пайдалану кезінде – 1,1 млрд. теңге, мемлекет активтерін пайдалану кезінде – 541,2 млн. теңге, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде-3,3 млрд. теңге. бюджет түсімдері бойынша – 37,2 млн.теңге, ҚР заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің бұзушылықтары – 121,3 млн. теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты – 1,6 млрд. теңге, тиімсіз жоспарлау – 14,4 млрд. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 15,1 млрд. теңге.
Анықталған бұзушылықтарды талдау жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері қаржы тәртібінің төмен деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар басшылары тарапынан бюджет қаражатының пайдаланылуына тиісті бақылаудың болмауы болып табылатынын көрсетеді.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытынды кезеңінде тексеру комиссиясының отырыстары өткізіледі, олардың жұмысына барлық мүдделі тұлғалар қатысады. Отырыстардың қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға қайта жол бермеу жөніндегі ұсынымдар мен тапсырмалар көрсетіле отырып, мемлекеттік аудит объектілеріне нұсқамалар қабылданады. Тексеру комиссиясының нұсқамалары барлық органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдарға, уәкілетті органдарға, мемлекеттік басқару органдарына және аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша 193 тапсырма мен 74 ұсыным жолданды.
Қаулылар мен нұсқамаларды орындау бойынша алынған ақпаратқа сәйкес, аудит объектілері 174 ұсынымдар мен нұсқамаларды (тапсырмаларды) орындады, 4,1 млрд. теңге қалпына келтірілді/өтелді, аудит объектілерінің 116 тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке, 11 тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясымен жүргізілген аудиторлық іс-шаралар шеңберінде құқық қорғау органдарына жолданды
17 мемлекеттік аудит материалдары, оның ішінде:
Ақмола облысының прокуратурасына процессуалдық шешім қабылдау үшін 6 мемлекеттік аудит материалы жолданды, оның ішінде 2 тоқтатылды, 4 өндірісте. 2017 жылғы 1 материал бойынша 2018 жылға ауысатын 4-тен 1 қылмыстық іс қозғалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаментіне өндірісте жатқан 4 материал жіберілді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 7 материал жолданды, оның ішінде 1 қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, 4 материал қараусыз қалдырылды, 2 материал шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға қайта жолданды.